ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Музыкалық мектеп бітірушілерінің мерекесі
15-06-2018 15:28
Музыкалық мектеп бітірушілерінің мерекесі

 

 

2018 жылғы 13 маусымда Павлодар қаласы Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде мектеп бітірушілер кеші өтті.

6 мамандық бойынша (жеке орындау, орыс халық аспаптары, фортепиано, қазақ халық аспаптары, шекті, үрмелі және соқпалы аспаптар) бітірушілер саны 56 оқушыны құрады. Бітірушілер қатарында 2018 жылғы «Территория музыки - без границ» ІХ халықаралық фестиваль-конкурсының лауреаты Бакытова Айшат, Қаратай Нұрбол, Айдос Аубакиров (І орын), Тамила Исамбаева (ІІ орын), Арай Сактасынова (ІІІ орын), «Megatalents competition» халықаралық фестиваль-конкурсының лауреаты Азамат Капсалыков (І орын), «Uni star vokal» жобасының финалисі Роман Новосельцев.

Кеш шар мен гүлге, шаттық көңіл-күйге толы болды, «Мектеп вальсі» шырқалды. Ұл балалар классикалық костюмде болса, қыздар бүрмелі көйлектерін киіп, мектепте өткізген жылдарын анық көрсететін қабырға газеттеріне көз жүгіртті.

Мерекелік кеш салтанатты құттықтаумен бастау алды. Мектептің дәстүрі бойынша әр оқушы өзінің әртістік және би өнерлерімен ерекшеленген, әзілге толы іс-шара өткізілді.

Білім алу жылдары ішінде балалар музыканы барынша түсініп, сезініп, оның рухани құндылығын бағалай білуді үйренді. Бітірушілердің көбі өз таңдауын жасап, алдағы уақытта музыкалық білімін жетілдіруді одан әрі жалғастыруды жөн санайды.