ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бірінші сыныпқа - онлайн
19-06-2018 16:31
Бірінші сыныпқа - онлайн

Ата-аналар балаларын үйден немесе кеңседен шықпай-ақ 1 сыныпқа тіркей алады.

Павлодар қаласының мектептері 300-ден астам  өтініштерді қарастырды. Естеріңізге сала кетейік, 1 маусымда «Mektep Pavlodar» цифрлық жобасы іске қосылды. Бағдарламаны әзірлеушілер «ЖШС BFGroup Inc».

Бала 1 сыныпқа бару үшін енді «қағаз» жұмыстарымен айналысу қажеті жоқ. Қала мектептеріне құжаттарды smart-pavlodar.kz.сайты арқылы жіберуге болады.

Қазір біз бағдарламаны әзірлеулеушілермен жұмысты  жалғастырудамыз. Ата-аналар жіберген барлық өтініштерді көріп отырамыз. Көптеген адамдар аталған бағдарламаны қолдана бастады. Өтініштерді қарастыру нәтижесін ата-аналар ұялы телефоны мен жеке поштасына жеткізіліп  отыратын арнайы хабарламалар арқылы біледі. Өтінішті қарау мерзімі 5 күн, - деп баяндады Павлодар қаласы білім беру бөлімі.

Құжаттарды электрондық форматта тапсыру уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.Сондай-ақ барлық іс-әрекеттер - ашық. 1 сыныпқа қабылдау үшін өтініштерді беру мерзімі - 1 маусымнан 30 тамызға дейін.

Бұл өте ыңғайлы және оңай. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің арнайы сайтында құжаттарды қайда жіберуге болатындығы туралы серверге сілтеме бар. Керемет, біз заман талабымен аяқ басып келеміз, енді баланы 1 сыныпқа тіркеу үшін өтінішті кез-келген бос уақытта жұмыста немесе үйден жіберуге болады, біз солай жасадық. Менің ұлым Нұрхан, биыл алғаш рет мектеп партасына отырады, бізге 25 мектептен 1 сыныпқа қабылданғанымыз туралы жауап келді. Қатты толқудамыз, –дейдіКамилаМақажанова.

Сонымен қатар балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін төмендегідей құжаттар қажет:

1) ата-анасының бірінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің) көрсетілетін қызметті алушының электрондық құжат нысанындағы өтініші;

2) баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

3) денсаулық жағдайы туралы анықтаманың (форма 026/у-3) электрондық көшірмесі;

4) 3х4көлеміндегі цифрлық фотосурет;

5) психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия қорытындысының электрондық көшірмесі (қажет болған жағдайда).

Естеріңізге сала кетейік, бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мектептер білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын, ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын барлық балалардың 1 сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.