ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп фотостудиясының қызметі
20-06-2018 12:36
Мектеп фотостудиясының қызметі

Білім беруді цифрландыру бойынша инновациялық жоба шеңберінде Павлодар қаласының № 40 ЖОМ-інде оқушыларға, соның ішінде денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға да арналған «Кадр» фотостудиясы ашылды. Жоба оқу жылы бойы және жазғы мерзімде балалар техникалық мектебімен, «Дизайн плюс» және «Ангел» фотостудияларымен бірлесе жүзеге асырылады.

Студияның жұмысы мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, фотосуреттерге қызығушылығын дамытуға, графикалық ақпаратпен  жұмыс істеуде ақпараттық технологиялар мен тәжірибелік дағдылары саласында білім алуға бағытталған.

Студияда 6 - 8 сынып оқушылары айналысады, студия жетекшісі информатика мұғалімі Тұрсын Сансызбайұлы Хасенов.

Оқушылар алған білімдері мен шеберліктерін түрлі визуалды өнімді дайындауда бейнелер жасау үшін пайдалана алады: оқу үдерісі аясында орындалатын құттықтау хаттарды, мектеп газетін, грамоталарды, рефераттарды, ғылыми зерттеулер мен жұмыстарды, Web-парақшасына орналастыруда немесе басылым жүйесінің құжатына импорттауда.

Жобаның нәтижесі оқушылармен заманауи технологияларды цифрлік бағдарламаларда компьютерлік бейнені құруды, фототүсірілімнің негізін ашуды, тәжірибеде бекітуді, фотограф-репортажшылардың сырларын ашуды, оқу-тәрбие үдерісіне үнемі қатысуды түсіну болады.

Жобаны жүзеге асыру барысында мектеп оқушылары шеберлік класстар, фоторепортажды түсірілімді өткізуге, фото көрмелерді, мектеп  және мектептен тыс іс-шаралардан репортаж ұйымдастырып өткізуге үйренеді.