ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп жанындағы лагері оқушыларының белсенді ойыны мен демалысы
22-06-2018 10:06
Мектеп жанындағы лагері оқушыларының белсенді ойыны мен демалысы

Танымдық белсенділікті дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыруы мақсатында 2018 жылғы 20 маусым күні «Гагарин атындағы паркы» мәдениет және демалыс аумағында Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы «Жасыл ғаламшар» квест-ойынын өткізді.  Квестке 100 қатысушыдан астам қамтылуымен № 4, 17, 29, 39, 40, 41 ЖОМ мектеп жанындағы лагерлері бейінді жасақтарының командалары белсене қатысты.

Квест-ойынында құрамалар 10 зияткерлік-танымдық  және туристік-спорттық кезеңдеріне қатысты. Құрама 10 қатысушыдан құралды.

«Біз және экология» кезеңінде қатысушылар қоршаған орта және табиғатты қорғау саласындағы сұрақтарға жауап берді. Жануарлар әлемімен байланысты шығармашылық тапсырмаларды орындады: «Жануарлар әлемінде», «Қызыл кітап» бағытындағы Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жануарларды суреттер бойынша анықтап, «Қанатты достар» кезеңінде ертегі құстар суреттерін презентациялады, «Шипалы дәріхана» кезеңінде емдік қасиетері бойынша дәрілік өсімдіктерді анықтады.

«Бағдарлау» бағытында компаспен жұмыс жасау және «Төмпешіктер», «Тілшік», «Өрмек» жарыстарында тапсырмаларды орындау кезінде өздерінің құрамасының спорттық дағдыларын көрсете білді.

Квесттің туристік-спорттық сатыларын аздаған уақытта өтіп, «Біз және экология», «Жануарлар әлемінде», «Қызыл Кітап», «Қанатты достар», «Шипалы дәріхана» сатыларында дұрыс жауаптар беріп, ұпайлардың көп санын жинаған № 4 ЖОБМ мектеп жанындағы лагері бейінді жасағының «Эрудит» командасы абсолютті жеңімпаз атанды.