ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Excel 5, 7 for Kazakhstan», «Smiles 2 for Kazakhstan» - 2018 республикалық байқаудың жеңімпаздары
22-06-2018 17:00
«Excel 5, 7 for Kazakhstan», «Smiles 2 for Kazakhstan» - 2018 республикалық байқаудың жеңімпаздары

Үш тілді білім беру шеңберіндебілім беру құрамын жаңартуды жүзеге асыруға дайындық барысында ТОО «EduStrem», Express Publishing халықаралық баспасының ресми өкілі білім және ғылым министірлігінің қолдауымен 2018 жылдың ақпан, маусым айлары аралығында 2, 5, 7 сынып оқушылары мен ағылшын тілі мұғалімдері арасында республикалық байқау өткізді.

Байқау республикалық мұғалімдердің ағылшын тілін меңгеру және педагогикалық тәжірибені кеңейту, оқушылар арасында ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру мақсатында өткізілді.

         Байқау нәтижесі «Мектепте көптілдікті дамыту Қазақстан - 2050 стратегиясын жүзеге асыру» Халықаралық ғылыми-тәжірибе конференциясында Астана қаласында өтті. Жеңімпаздар арасында Павлодар қаласының мұғалімдері мен оқушылары бар.

Видео сабақтың үзіндісі байқауында «Ағылшын тілі екінші сынып: ойнап үйренеміз» ІІ орныды Оспанова Ильмира Ергановна, № 13 ЖОМ ағылшын мұғалімі иеленді. Байқау ережесі бойынша мұғалім республикалық байқауға мәлімдеген видео сабақтың «Smiles 2 for Kazakhstan» ағылшын тілі оқулығы негіздемесінде үзіндісінің дәріс - жоспарын ұсынды.

Excel  5 for Kazakhstanи Excel 7 for Kazakhstanоқулықтары бойынша жеңімпаздар № 16 мектеп-лицей оқушысы Казьмин Иван (І орын) және № 29 мектеп оқушысы Крачковская Анастасия (ІІ орын).

Байқаудың 1 кезеңінде оқушылар тесттік тапсырмалар орындады, 2 кезеңде 5, 7 сыныптарға арналған  оқулықтағы оқылатын тақырып бойынша видео, 3 кезеңдеon-linecompetition  қатысты, республикалық төрешілермен сұхбатқа қатысу мен сұрақтарға жауап беру біліктілігін көрсетті. Оқушылар тапсырмаларды сәтті орындап, лайықты орындарға иеленді.

Оқушыларды байқауға дайындағаны үшін Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым дипломымен № 16 мектеп-лицей ағылшын тілі мұғалімі Динара Бейсембаевна Баканова және № 29 мектеп ағылшын тілі мұғалімі Жанат Капсаттаровна Смаилова марапатталды.

Жеңімпаздарға естелік жүлделер берілді. Жеңімпаздардық видео сабақтары ұлттық ағылшын тілін меңгеру видео сабақтар банкісіне кіргізіледі.