ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балабақшаларда шағын футболдан жарыстар өтті
25-06-2018 10:58
Балабақшаларда шағын футболдан жарыстар өтті

2018 жылдың  20 - 21 маусым күндері  № 19 ЖОМ  5 - 6 жастағы балалар арасында шағын футбол бойынша турнир өтті.  Жарыстар  білім беру бөлімімен және «Достар» футбол клубының қолдауымен балаларды спортқа баулу, мектеп жасына дейінгі балалардың  арасында футболмен айналысуға насихаттау мақсатымен өткізілді.

Жарыстар футболдың әлем чемпионатына орай ұштастырылып екі кезеңде өтті. Іріктеу турында  № 7, 23, 86, 111, 112, 104 балабақшаларының  6 командасы жартылай финалға шығу үшін жарысты.

Екінші кезеңде турнирдің жеңімпаз кубогы үшін финалдық ойында № 7, 23, 86, 104 балабақшаларының  командалары жарысты.

Финалдық ойынның қорытындысы бойынша І орынды  № 86 балабақшаның командасы иеленіп кубокпен және «Достар» футбол клубының мақтау қағазымен марапатталды.  ІІ орын  № 7  балабақшаның,  ІІІ орын  № 104  балабақшаның командалары иеленді. Турнир жүлдегерлері тәтті сыйлықтармен  марапатталды.

Турнирдің төрешісі футбол бойынша спорт шеберлігінің кандидаты Алексей Александрович Михайлюк.