ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласындағы алғашқы Smart-бақша
25-06-2018 16:31
Павлодар қаласындағы алғашқы Smart-бақша

 

2018 жылғы 25 маусымда Павлодар қаласының № 29 сәбилер бақшасының  цифрлік мүмкіндіктерінің тұсаукесері өтті. Мектепке дейінгі ұйымда «BFGroupInc» ЖШС - «Smart Павлодар» жүйесі еңгізілді. Мобильді қосымшаны PlayMarket, немесе AppStoreдан тегін жазып алуға болады.

Бұл бағдарлама мектеп жасына дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әзірленді. Әрбір топтың кіреберісінде есептеуіш құрылғылар орнатылды. Бақылау ата-аналардың биометрикалық деректерін теңестіру (ұқсастыру) арқылы қамтамасыз етіледі.

«Smart Павлодар» жүйесі сондай-ақ баланың балабақшаға келу және кету уақытын белгілеп отырады. Деректер базасына баланы балабақшадан алатын адамның деректері еңгізілген, сондықтан да бөтен адамға баланы балабақшадан алып кетуге мүмкіндік жоқ.

Деректер базасына кіру үшін арнайы парольді (жасырын сөзді) еңгізу арқылы қол жеткізуге болады. Пайдаланушылардың барлық жеке мәліметтері жақсы қорғалған.

«Ата-ана топқа келгенде құрылғыға саусағын қояды, жүйе анықтап, мәліметтер базасымен сәйкестендіреді, егер жасыл шам жанса, рұқсат бар деген сөз», - деп мәлімдеді ЖШС басшысы Сергей Голышев. Содан кейін тәрбиеші саусағын қояды. Бұл ол баланы қабылдады дегенді білдіреді. Дәл сондай жағдай баланы тапсырғанда болады.

«Smart Павлодар» қосымшасының мүмкіндіктері арқылы ата-аналар ұялы телефондарына Push-хабарландыру алып, баланың қатысуы туралы, төлем сомасы және төлеу мерзімдері туралы хабарларды алады.

Бала балабақшада үш күннен көп уақыт болмаған жағдайда осы жүйе автоматты түрде дәрігерлік анықтаманы сұрайды және ата-анасын басшыға немесе дәрігер қызметкерге жолдайды.

Балабақшаның әкімшілігіне мобильді қосымша арқылы тура өтініш қалдыру мүмкіндігі бар.