ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас суретшілеріміз дипломдарын тамаша қорғап шығу
26-06-2018 09:38
Жас суретшілеріміз дипломдарын тамаша қорғап шығу

Міне, 2018 жылғы түлектер үшін № 2 балалар көркемсурет мектебіндегі бес жылдық жемісті оқу жылы аяғына жетті.

Осы керемет маусым айының жылы күндері мектептің қабырғасында дипломдық жұмыстарды қорғау шарасы өтті. Комиссия мүшелері түлектеріміздің қорғауын бірауыздан «өте жақсы» деген бағаға ие болды.

Диплом қорғаушылардың тәлімгерлік және сынып жетекші міндетін Татьяна Васильевна Ахметжанова өзіне алды, ол жеті оқушыны диплом қорғауға дайындады. Негізінен олар, туған өлкені көркем де, кәсіби деңгейде сипаттап көрсеткен пейзаждар, сондай-ақ кенепте майлы кескіндеме техникасында орындаған портрет және сәулет пейзаждары. Сонымен қатар Дәрия Мырзағалидің «С.Торайғыровтың портреті» атты өте қатаң, бірақ-та өте қызықты линогравюрасы бар. Ал Алена Павлюк болса «Боровое» суретімен оның таза ауға толы пейзажын жеткізе білді. Александра Нарушина күн нұрымен жарқыраған «Баянауыл таулары» суретін жазды. Өзінің орындалу жағынан ипрессионистік, стилі ерекше болып келген Евгения Чубарьдың «Крендель» атты жұмысы өте көркем болып шықты. Ал Иван Симоненко өзінің композициясы үшін Сатпаев ескерткіші мен қалакмыздың көркі, атақты Бас пошта орналасқан Қ. Сатпаев атындағы көшені таңдады, және оны байсалдылықпен сипаттап көрсетті. Әлия Аубакирова Қ. Сатпаевтың портретін жоғары деңгейде орындады.

Ольга Ивановна Ловинаның оқушылары Әлия Жұмағалиева («Су асты әлемі») мен Дмитрий Андреев (Бохо стиліндегі зергерлік гарнитур) өздерінің керемет шығармашылық жұмыстарын киізді жабағылану техникасында орындап шықты.

Полина Орлова өзінің дипломдық жұмысы үшін майлы мастахин кескіндемесі техникасын таңдады, оның «Кемпіртас» жұмысы түстердің әдемі ұласуымен көрікті болып шықты. Катя Басоктың «С.Торайғыровқа ескерткіш» жұмысындағы сан қырлы пішіні мен кеңістіктік көрінісі, сондай-ақ асқан бейнесі  таңқалдырды. Көп еңбекті талар еткен, Әлішер Дуановтың графикалық «Жасыбай» жұмысы қара гель қылқалам және акварельдің көмегімен салынған. Осы үш диплом қорғаушылардың жетекшісі болып Оксана Валерьевна Сидоренко тағайындалды.

Жұмыстарға қарасаң, балалар өз жандарын бере отырып, соңғы бояуы мен сызығын сүйіспеншілікпен түсіргенін байқауға болады. Оларға ақ жол дей отыра, бақытты жастық шақ пен жаңа шығармашылық белестерге жетулерін тілейміз.