ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мағжан оқуларындағы павлодарлық оқушының табысы
27-06-2018 11:11
Мағжан оқуларындағы павлодарлық оқушының табысы

Павлодар облысынан дәстүрлі «Мағжан оқулары» атты республикалық конкурсқа облыстық кезеңде жеңіске жеткен үш оқушы жіберілді. Соның ішінде қалалық № 37 мектептің оқушысы Галлямова Данеля «Толқынмен толқын сырласып...» бағыты бойынша ақын шығармаларын зерттеу жұмысын қорғау барысында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді және бағалы сыйлықпен (нетбук) марапатталды.

Аталмыш шара жалынды ақын Мағжан Жұмабаевтың туған жері - Солтүстік Қазақстан облысының Сарытомар ауылында, 2018 жылдың 22 - 24 маусым күндері өткізілді.

Ақынның 125 жылдығына арналған бұл шараға еліміздің 14 облысынан 45 оқушы қатысты.