ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жазғы шеберлік сабақтары
14-08-2018 16:19
Жазғы шеберлік сабақтары

Павлодар қаласы № 2 Балалар көркемсурет мектебінің ұстаздары мен жаңадан бастап жүрген суретшілер тамыз айында барлық тілек білдіруші балалар мен қала ересектеріне шеберлік сабақтарын өткізді.

Сурет, сәндік-қолданбалы өнер пәндерінің оқытушысы Екатерина Александровна Одарчук «Амос» фирмасының түрлі-түсті массасынан жасалған ұлттық нақыштағы қуыршақ жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді. Балалар қуыршақты дайындауға ерекше сүйсініп кірісті. Қуыршақтың негізгі денесі қарапайым пластик бөтелкесі болды. Ары қарай жапсырма  техникасына «иілімді саусақтар» білімдері мен шеберліктері керегін тапты. Екатерина Александровна оларға әрбір оқушыға түсінікті болатын, жапсырманың ең оңай техникалық тәсілдерін көрсетті. Қуыршақ өте жарық, әдемі және жақсы (бұл материалдардың тағы бір қасиеті) болып шықты.

Дина Сапарбековна Сәменова түрлі-түсті қағаздар бойынша шеберлік-сабағын ұйымдастырды. Ұстаз көрермендерге түрлі-түсті қағаздардан симметриялық ұлттық ою-өрнектерді әзірлеу тәсілдерімен таныстырды. Одан кейін Дина Сапарбековна қатысушылармен бірге нақты мысал келтіре отырып, қызықты әшекейлі композиция құрды. Ата-аналар да өздерінің кішкентай тәрбиеленушілеріне белсенді көмектесті.

Бізді қуантқаны осы шеберлік-сыныптарына қатысушылар санының көптігі еді.