ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар мектептеріне жаңа форматтағы оқулықтар түседі
17-08-2018 17:31
Павлодар мектептеріне жаңа форматтағы оқулықтар түседі

Павлодар қаласының білім бөлімі уақыт талаптарының көшінен қалмай келеді. Жаңа форматтағы оқулықтарды, 3, 6, 8 сыныптарға арналған әдістемелік құралдарды және 1, 2, 3 сыныптарға арналған жұмыс дәптерлерін енді электронды үлгіде де алуға мүмкіндік туғызылып отыр. Мұндай электронды оқу құралдары жаңартылған білім мазмұны аясында 2018 - 2019 оқу жылының басынан бастап қолжетімді болады.

Кітаптардың электронды көшірлемерін алу үшін планшетке немесе ұялы телефонға тек арнайы QR-кодтың көшірмесін енгізу жеткілікті. Оқулықтар толығымен білім берудің жаңартылған бағдарламаларына сәйкестендірілген, сондай-ақ жас ерекшеліктері есепке алына отырып құрастырылған.  

Айта кетелік, сонымен қатар мектепке дейінгі мекемелердің және шағын орталықтардың, мектепалды сыныптардың даярлық топтарына арналған  оқу-әдістемелік кешендер де сатып алынды.

Бүгінгі күні білім беру жүйесінде үш тілде оқытудың жобасы жүзеге асырылуда, балаларға биология, химия, физика, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын арнайы сыныптардың қызметін іске қосуға жағдай жасалуда. Бұл бағытта жағымды нәтижелерге қол жеткізу үшін 8,9 сыныптарға арналған биология, химия, физика, информатика бойынша ағылшын тіліндегі оқулықтар да сатылып алынды. Оқулықтардың жалпы саны 5 мың дананы құрайды.

Оқулықтарды сатып алу үшін 12 баспамен келісім жасалған. Бүгінге дейін 428 мың оқулық алынып, олар баспалардан Павлодар қаласына жеткізіліп, мектептерге таратылуда.

«Менің балам алғашқылардың бірі болып жаңа оқулықтардың бетін ашатынына қуаныштымын. Оқулықтар біз сенім артатын салиқалы баспалардан шыққан екен. Оның үстіне бұл оқу құралдарын енді электронды форматта да алуға болатыны қуантады. Қысқасы, баламыздың нәтижелі білім алуына барлық жағдай жасалып отыр, - деп өз ойымен бөліседі ата-ана Тарасова Виктория.

    Мектеп оқушыларына оқулықтар мен жұмыс дәптерлері тегін ұсынылады.