ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балаларды мектепке дайындаймыз
20-08-2018 15:13
Балаларды мектепке дайындаймыз

Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде материалдық тұрғыда көмек-жәрдемді қажет ететін отбасыларға қолдау жасаудың жақсы дәстүрі қалыптастырылған.

«Мектепке жол» республикалық акциясы ата-аналар арасында да, мектеп педагогтары арасында да зор қолдау тауып келеді. Білім ордасында мектептің әлеуметтік картасы жасалып, жаңа оқу жылына дайындалу барасында жәрдемді қажетсінетін оқушылардың мәліметтер базасы да құрылған.

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында жаппай оқу қорының есебінен 8 жетім балаға және аз қамтылған отбасылардан шыққан 32 балаға жалпы сомасы 106200 теңгеге кеңсе тауарлары, сонымен қатар жалпы сомасы 116880 теңгеге мектеп формасы сатылып алынды.

Кеңсе тауралары және аяқ киімдер түрінде жалпы сомасы 165000 теңгеге 28 оқушыға демеушілік көмек көрсетілді. Балаларды мектепке дайындау жұмыстары өзінің жалғасын табуда.

Ата-аналарға арналған ақпараттық алаң мектепке дайындалу мәселелері бойынша кеңес беруді жүзеге асыруға көмектесуде. Сонымен қатар сенім телефоны да іске қосылған.