ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ленинский кентінің мекетебінде жасыл технологиялар енгізілді
22-08-2018 21:13
Ленинский кентінің мекетебінде жасыл технологиялар енгізілді

 

EXPO-2017 халықаралық көрмесінде ұсынылған технологиялар Ленинский кентінің № 31 мектебінде қолданыла бастады. Атап айтқанда, биоотын негізінде жұмыс істейтін қазандық орнату бойынша пилоттық жоба іске асырылды. Қазандыққа шикізатты сол жерде (тұрғылықты орнында) жасап шығарады.

Биоотын негізіндегі қазандықтардың басты басымдылығы - қоршаған ортаға деген зиянсыздығы екендігі, бәріне белгілі.

Жылу сапасы жоғары болады, бұл ретте жаңғырмалы шикізатты пайдалану жылу беру маусымы кезінде айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді. Көбінесе мұндай қазандыққа деген шикізат жергілікті жабдықтаушылармен шығарылады. Мұндай отынға деген тапшылық (жетіспеушілік) жоқ екндгін мәлімдеді, - № 31 ЖОМ директоры Азамат Жексенов.

Ленинский кентінің мектебінде EKOPAL RM маркалы қазандықтар орнатылды. Бұл марканың Қазақстандағы ресми өкілі «АБИ-ЖЕР» ЖШС (Петропавловск қаласы). Қазандықтар жұмыс істейтін, ағынға қарсы жану жүйесін, 1993 жылы «METALERG» фирмасымен патенттелген. Бұл жүйе ҚБК 85% ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Осы жүйе бойынша жылу беру күштілігі 40 кВт дан 700 кВт дейінгі қазандықтар дайындалады.

Ленинский кентінің № 31 мектебінде орнатылған, экологиялық таза қазандықтар, ағымдағы жылғы 22 тамызда облыс және қалалар мен аудандар әкімдеріне таныстырылады.

Осы жабдық пайдалануында өте қарапайым. Дегенмен, қазандыққа қызмет атқаратын мамандар оқытылды. Заманауи қазандықтар автоматтандырылған. Жылу беруді автоматты режімде реттеуге болады. Мектеп басшысылығы, - осылайша біз қосарлана салынған қазандықтар мәселесін толығымен шешеміз, - деп атап өтті.

Одан басқа, отын сатып алуға деген шығындарға келсек, экономикалық пайдасын атап өткен жөн. Биоотын негізіндегі отын сатып алу, дизельді отынға қарағанда 3,5 есе арзан.

Қаланың білім беру бөлімінде EXPO-2017 халықаралық көрмесінде ұсынылған технологияларды аладағы уақытта кеңінен пайдалануды ниеттеніп отырғанын, атап өткен жөн.