ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің кезекті жеңісі
23-08-2018 12:44
Павлодар қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің кезекті жеңісі

 

Инновациялық білім беруді  дамыту орталығы «Үздік кабинет - 2018» атты облыстық сайыс өткізді.

Сайыс 2 кезеңнен тұрды. Мамыр айында 2017 - 2018 оқу жылы бойынша аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттердің рейтингтік бағалау түрінде 1 кезеңнің  қорытындысын шығарды.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіруге,  шығармашылық белсенділігін арттыруға  жағдай жасау  және мұғалімнің  түрлі кәсіби сайысқа қатысуының сапасын анықтау, яғни сайыс тапсырмаларын жоғары деңгейде орындаумен қатар,  жүлделі орындарға ие болулары да әдістемелік кабинет іскерлігінің  басты бағыты болып табылады. Павлодар қаласы бойынша мектеп мұғалімдері  ең жоғарғы кәсіби шеберлік деңгейін, шығармашылық белсенділіктерін халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық конференцияларда, педагогикалық оқуларда, зияткерлік сайыстарда, кәсіби байқауларла 1323 жүлделі орындарға ие болып, жоғары көрсеткішке қол жеткізді.    Әдістемелік кабинеттер өткізген семинарлар мен шығармашылық топтар жұмыстары сияқты  іс-шаралардың сапалы өткізілуі әдістемелік іскерліктің тиімді көрсеткішінің бірі  болып табылады. Қалалық әдістемелік қызметінің өзектілігі мен талабы,  өткізілген семинарлар,  оған қатысушылардың саны  және педагог кадрлардың толық қамтылуы - ең жоғары көрсеткіш (орташа көрсеткіш 38,2).

20 тамызда болған облыстық секциялар жұмысы барысында  2-кезең өткізілді, жаңа TEDx форматымен «Үздік әдістемелік іс-шара» жобасы қорғалды.

«Қалалық білім берудің аясындағы инновациялық үрдістің тиімді құралы ретіндегі эксперттік кеңес» жобасын әдістемелік кабинет меңгерушісінің орынбасары Г. Ш. Шиндлярская таныстырып, облыстық білім беру бөлімінің Алғыс хатын иеленді.

Құрамында тәжірибелі  директордың оқу  әдістемелік орынбасарлары, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушылары мен профессорларынан құрылған әділқазы мүшелері жобаның талапқа сай болуы мен инновациялылығын,  жобаны қорғаушының шешендік шеберлігін және өз ойын жеткізе алуын бағалады.

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Павлодар  қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетіне «Үздік әдістемелік кабинет - 2018» кубогі табысталды, «Үздік қалалық әдістемелік кабинет - 2018» І дәрежелі дипломы және бағалы сыйлықпен  марапатталды (принтер 3в1).

Қалалық әдістемелік кабинеті - 2013 жылдан бастап,  соңғы 5 жылдың көлемінде облыстық сайыстың,  2016 - 2017 оқу жылы республикалық үздік әдістемелік кабинет сайыстың жеңімпазы.