ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
№ 37 мектепте «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды
25-08-2018 09:53
№ 37 мектепте «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды

2018 жылғы 22 тамызда Павлодар қаласының № 37 жалпы орта білім беру мектепте «Рухани жаңғыру» кабинетінің ашылуы өтті. Салтанатты іс-шараның ашылуына Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Өрсариев Арын Амангелді мырза, Павлодар облысы білім беру басқармасының орынбасары Жомарт Петрович Карамбаев қатысты.

         Мектептегі рухани жаңғыру бағдарламасының басты мақсаты болып, өскелең ұрпақтың бойында шынайы патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, өз еліне, өз қаласына, оның тарихына, мәдениетіне, салты мен дәстүріне деген мақтаныш сезімін ояту, Қазақстан халқының өркениетті мәдениетін және дәстүрін дәріптеу.

         ««Рухани жаңғыру» кабинетінің жұмысы аймақ пен елдің тұтастай дамуына өз ойларымен үлес қосатын көшбасшы және бастамашы тұлғаны қалыптастыруға бағытталған», - дейді мектеп директоры Жүсіпова Ләйлә Бажқызы.

Мектеп белсенділері кабинетінің ортасында отбасылық береке, бейбітшілік, тыныштықтың белгісі болып табылатын шаңырақ орналасқан рухани жаңғырукабинетін таныстырып өтті. Қазақ елі үшін Шаңырақтың маңызы туралы облыстық пәндер олимиадасының жүлдегері, облыстық ғылыми-практикалық конференция жеңімпазы Галлямова Данеля айтып өтті. Оқушы Қайыр Бейімбет Павлодарлық ертіс жанындағы барлық ескерткіштер, оның ішінде тарихи ескерткіштер және біздің жерлестеріміздің 100 жаңа аттарын таныстырды. Қазақ әліпбиінің тарихы және жаңа латын графикасына өту туралы бұл мерекелік шараға қатысушылар «Қазақ әліпбиінің тарихы» стендынан ақпарат алды. Ақпаратты 10 сынып оқушысы Қуанышева Дильназ толықтай таныстырып өтті. Іс-шараның қатысушылары кабинеттің өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу жолындағы маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті.