ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық конференциядағы павлодарлық педагогтардың марапаттары
25-08-2018 20:50
Облыстық конференциядағы павлодарлық педагогтардың марапаттары

Облыс педагогтарының тамыз конференцияларында өткен оқу жылының нәтижесі бойынша педагогтар, ең үздік балабақшалар, мектептер марапатталды. Марапатталғандар арасында Павлодар қаласы педагогтары мен мекемелері болды.

«Қазақстан Республикасы білім беруінің құрметті қызметкері» төсбелгі марапатымен Бауыржан Момышұлы атындағы № 22 жалпы орта білім беру мектебінің директоры Мамбетова Майра Кабиденовна,  «Ы.Алтынсарина» төсбелгі марапатымен № 82 балабақша басшысы Шульга Татьяна Федоровна, № 1 құрманғазы атындағы балалар музыкалық мектебінің директоры Бобровская Ольга Леонидовна марапатталды.

 «Облыс алдындағы еңбегі» үшін төсбелгі марапатымен педагогикалық еңбек ардагері Семага Николай Захарович марапатталды.

Көпжылдық адал еңбегі үшін облыс әкімінің Құрмет мадақтамасымен Бекхожин атындағы № 12 ЖОМ директоры марапатталды.

Облыс хаттарының алғыс хаттарымен № 14 ЖОМ алғашқы әскери дайындық мұғалімі Утепов Бакытжан Кырыкушевич, № 2 балалар суретмектебінің директоры Герусова Наталья Васильевна марапатталды.

2018 жылғы ең үздік орта білім беру ұйымы облыстық сайысының нәтижесі бойынша, 16 қатысушы мекеме арасынан бас жүлдені Павлодар қаласы № 37 ЖОМ иеленді (директоры Жусупова Ляйля Бажқызы). Жеңімпазға 20 млн. 741 мың теңге табысталды.

Облыс әкімінің 50 млн. теңге грантын № 96 «Радуга» гармоникалық даму орталығы» сәбилер балабақшасы иеленді (басшысы Кожахметова Майкеш Темиртасовна).

 9 - 11 сыныптардың ОЖСБ бойынша № 26 ЖОМ техникалық құралдарға қол жеткізді (директоры Щербакова Любовь Анатольевна).