ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Әлем халықтарының ою-өрнектері мен әшекейлері
06-09-2018 09:35
Әлем халықтарының ою-өрнектері мен әшекейлері

Павлодар қаласының № 2 Балалар көркемсурет мектебі Қырғызстан мемлекетінің Бішкек қаласында өткен «Әлем халықтарының ою-өрнектері мен әшекейлері» халықаралық балалар суреті байқауының қорытындысы бойынша сертификаттарға ие болды.

8 - 15 жас аралығындағы мектеп оқушылары сайысқа, қазақтың ою-өрнектері орын алатын, туған ел, өлке, қала, Наурыз мерекесі бейнелеген  композицияларынан 10 сурет ұсынды.

14 жастағы Саша Караван өзінің «Гулді өрнек» композициясында ұлттық ою-өрнек және өсімдіктің үйлесімді қосылуын бейнелеп берді. Жұмысы өте сәнді, жарқын да көркем болып шықты. Ал Вика Фредина өзінің «Натюрморт» жұмысына ою-өрнектер мен тұрмыстық заттарды қосуды жөн көрді. Түс жағынан мағыналы, орындау жағы күрделі және үйлесімді болып келген жұмыс өзінің орындалу даралығымен қуантады.

Қырғызтанның ғылым және білім Министрлігінің ұйымдастыруымен өткен байқауға Белорусс, Таджикистан, Өзбекстан және Қазақстаннан 1000 жуық бала қатысты.

Осы халықаралық байқау Қырғыз Республикасының мәдениет және адамгершілік тәрбие беру жылына арналған мереке шеңберінде өтті.