kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3004799
Бір айда212430
Бір аптада45599
Кеше4012
Тәулік7537
Музыкалық мектеп таланттарының жетістіктері
12-09-2018 07:54
Музыкалық мектеп таланттарының жетістіктері

 

 

 

Павлодар қаласының № 2 Балалар музыка мектебінің оқушылары әр түрлі деңгейдегі конкурстардың қатысушылары болып табылады. Жыл бойы мектептің 70 оқушысы қалалық облыстық, республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаттары, жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

Павлодар қаласында өткен «Дионис» республикалық конкурс-фестивалінде ұдттық, фортепианолық, вокалдық, ішекті, үрмелі бөлімшелердің 68 оқушысы гран-при, I, II және III дәрежелі дипломдарға ие болды.

Халықаралық конкурстарда мектептің 12 оқушысы лауреат атағына ие болды.

Мамыр айында Алматы қаласында өткен «Tessa-Fest» байқауында вокалдық және фортепиано бөлімінің оқушылары Король Ангелина, Шоканова Даяна, ұстаздары Король Анжела Николаевна, Сулейменова Амина Акылбековна I, II орын алды. Олар конкурста фортепиано бойынша лауреат атанды.

Павлодар қаласында өткен «Арт-Созвездие» конкурсында Цуроева Милана фортепиано бойынша І дәрежелі лауреат атанды, ұстазы Зверева Мира Борисовна. Саксофон бойынша жоғары жас тобының оқушысы Китанов Дмитрий гран-при иегері, Хайдаров Эмир-Сұлтан-сәуір айында Астана қаласында өткен «Астана-Мерей» халықаралық байқауында І дәрежелі лауреат, жетекшісі Минаева Оксана Олеговна, концертмейстер Симикин Валерий Александрович.

Сәуір айында Павлодар қаласында өткен «MEGA TALENTS Competition» халықаралық конкурсында Домбыра бойынша І дәрежелі лауреаттар атағына ие болған оқушыларымыз Тлеуов Батырхан, Апашева Анель, Симанбай Сұлтан, Магау Мерей, мұғалімдері Қасымбекова Ғайни Кабдикаримовна, Әуелбаева Шынаргүл Серікқызы.

«Біздің балалардың конкурстарға қатысуы музыкалық шығармашылыққа қолдау көрсету және дамыту, дарынды балаларды қолдау, мәдени әлеуетті сақтау және дамыту, жас таланттарды мәдениет пен өнердің үздік үлгілеріне тарту, шығармашылық қабілеттердің өсуіне және тұлғаның үйлесімді қалыптасуына ықпал ету болып табылады», - дейді мектеп басшысы Лаура Мұхарамқызы Темірғалиева.