kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3004799
Бір айда212430
Бір аптада45599
Кеше4012
Тәулік7537
Мәскеуде Пушкин сайысының лауреты
14-09-2018 13:20
Мәскеуде Пушкин сайысының лауреты

 

Павлодар қаласындағы № 35 ЖОМ мұғалімі Аубакирова Манат Камельевна шет елдегі орыс тілі және әдебиет мұғалімдері арасында өткен XVIII Халықаралық Пушкин сайысына қатысты. Бұл сынға әлемнің 34 елінің ұстаздары өз жұмыстарын ұсынып, бәйгеге түсті.

Сайыстың ақтық кезеңі Мәскеуде 2018 жылдың 5 - 10 қыркүйегі арасында болды. Сол күндері сайыс лауреаттары А.С.Пушкин атындағы орыс тілінің мемлекеттік институтында тәлімгерліктен өтіп, мәскеулік мектепке барды, ашық сабақтарға қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша Аубакирова М. К. лауреат атанып, әлемнің үздік елу орыс тілі мұғалімдері қатарында Мәскеуге марапатталу үшін шақырылды. Марапаттау рәсімі Мәскеу Үкіметі ғимаратының Ақ залында 8 қыркүйек өткізілді.

Лауреаттар «Россиская газета» редакциясына экскурсияға барып, сайыстың ұйымдастырушыларымен, әділ-қазылар алқасымен кездесті. Сонымен қатар Қала күніне арналған мерекелік ісө-шараларға, Ресейдің ұлттық шоуы «Кострома», А. С. Пушкин атындағы Мемлекеттік мұражайға барды.

Аубакирова М. К. № 35 ЖОМ 12 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол VI Республикалық Капен оқуларының (2018 жыл), Халықаралық ғылыми-педагогикалық қашықтық конференцияның (2017 жыл, Англия) дипломанты. Манат Камельевна халықаралық сайыстардың, орыс тілі бойынша 2015, 2016 жылдардағы Мәскеу қаласындағы «Светозар» олимпиадасының, М.А.Шолоховтың туындылары бойынша мектеп шығармалары байқауының (2017 жыл), Санкт-Петербург қаласындағы «На благо Родины» балалар мен жасөспірімдерге арналған әдеби сайыстың жүлдегерлерін дайындады. 2017 жылы оның оқушылары Бектемирова Бекдана (9 сынып) және Тлектесова Асия (10 сынып) Болгарияда өткен шығармашылық жұмыстардың халықаралық  сайысында жеңімпаз атанды.