ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Олимпиадалық резерв оқушыларының сабағы
24-09-2018 20:55
Олимпиадалық  резерв оқушыларының сабағы

 

        Павлодар қаласы білім беру бөлімі бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы қалалық, облыстық, республикалық  пән  олимпиадаларына оқушыларды дайындау үшін 2 олимпиадалық  резерв мектебі құрылды. «Алтын сын» олимпиадалық  резерв мектебінде  8 - 11 сыныптың 424 оқушысы,  «Жас ғалым»мектебінде  5 - 7 сыныптың 150 оқушысы оқиды.   Бағдарлама  сабағы  зияткерлік  қабілетін  дамытуға,шығармашылық жұмыспен айналысуға, теориялық білім, практикалық іскерлігін мен алған  дағды   деңгейін көтеруге тапсырмалар қарастырады.

         Кезекті төрт сағаттық сабақтары 17 қыркүйектен қаланың жоғарғы білім беру мекемелерінде өтеді.

   С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінде  математика бойынша  олимпиадалық  резерв мектебінің жаттықтырушысы Б. Н. Горшков, физика  бойынша - аға оқытушы К. Р. Досымбеков,  химия бойынша - химия ғылымының кандидаты, доцент Г. Ж. Сейтенова  өткізді.

      Павлодар  Мемлекеттік педагогикалық  университетінде сабақты биология бойынша биология ғылымының  кандидаттары  Г. Е. Асылбекова, Л. Т. Булекбаева, оқытушы Г.К. Кабдолова  география бойынша - аға оқытушылар М. К. Омаров, А. К. Елемесов, М. Сержан, орыс тілінде оқитын қазақ тілі - филология  ғылымдарының кандидаты   Ы. Б. Шақаман, орыс тілі және әдебиеті бойынша - аға оқытушы Е.П. Гаранина,ағылшын тілі бойынша - аға оқытушы А. М. Даурбеков, неміс тілі - гуманитарлық ғылым кандидаты Б. К. Жұмабекова, қазақстан тарихы бойынша - тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А. С. Аманова жүргізеді. 

   Информатика бойынша № 34 ЖОМ гимназия сыныптарымен  инновациялық  типтегі  информатика мұғалімі И. О. Поляков, қазақ тілі және әдебиеті бойынша - аға оқытушы  С. К. Шабажанова, қазақ тілінде оқитын мектептерде орыс тілі бойынша - Павлодар облысы бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін көтеру институты «Өрлеу» БКҒО АҚ филиалы филология ғылымдарының  кандидаты  Р. Д. Ашимбетова жүргізеді.