ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Үш тілде оқытуды әдіснамалық қамтамасыз ету
25-09-2018 07:48
Үш тілде оқытуды әдіснамалық қамтамасыз ету

 

2018 жылғы 21 қыркүйекте Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті № 5 жалпы орта білім беру мектебінде нұсқаулық-әдістемелік семинар-кеңес өткізді. «Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында Үш тілде оқытуды әдіснамалық қамтамасыз ету». Семинарға 31 мектептің физика, информатика, биология және химия пәндері бойынша көптілділікті енгізетін 70-тен астам мұғалімдері қатысты.

Семинарда қаралған мәселелер «Қазақстан мектептерінің оқу үрдісінде Үш тілді оқытудың бірыңғай тілдік стандартын қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулық», «Жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқытқаны үшін қосымша ақыны жүзеге асыру тәртібі», «Жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқытуға дайындық мониторингі», «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту бойынша пилоттық мектептер туралы ереже (5 - 7 сыныптар»», «2018 - 2019 оқу жылындағы әдістемелік қызметтердің міндеттері»,  «Мұғалімдерді тілдік курстар және курстан кейінгі сүйемелдеу».

Семинар қатысушыларына оқу-тәрбие үдерісіне үш жақты оқытуды енгізу, әдістемелік сүйемелдеудің жұмыс жоспарын құру және жаратылыстану-ғылыми цикл мұғалімдеріне тәжірибелік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықтағы өзгерістер туралы түсініктемелер берілді.

Нормативтік-құқықтық база, мұғалімнің құжаттарын жүргізу, бірыңғай білім беру ортасы контексінде үш тілдік білім беру сабақтастығын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді, МЖМБС, оқу бағдарламалары, пилоттық мектептерде жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқытуды ұйымдастыруға қойылатын талаптар қарастырылды.