ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Халықаралық фестиваль жеңімпаздары
27-09-2018 08:02
Халықаралық фестиваль жеңімпаздары

 

2018 жылы ЮНЕСКО қамқорлығымен балалар шығармашылғының қызықты жобасы «The Planet of ART» -«Шығармашылық ғаламшары»  атты халықаралық фестиваль өтті. Жобаға Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Үндістан және басқа да елдерден балалар ат салысты.

№ 2 Балаар көркемсурет мектебінің 18 оқушысы фестиваль жеңімпазы атанып, олардың шығармашылық жұмыстары қорытынды альбом-каталогына енгізілді. Бұл альбом сүйікті Астанамыздың 20 жылдық мерей тойына арналған еді.

3 - 6 жас аралығындағы санат бойынша Варвара Аверина, Маргарита Гарконица, Малика Наурызбаева,  Артур Родионов, Маша Гегель, Алексей Резниченко, Ульяна Столярова, Мирон Халяпин, Арлан Ұрұмбаев сияқты оқушыларымыз жеңімпаз атанды.

7 - 8 жас санат аралығында  Әнел Жаркенова, Мадина Тоқтағұлова, Әйгерім Қасанова, Алина Сүлейменова жеңімпаз атанды.

9 - 10 жас аралығында Радомира Кузина, Аружан Кұсайнова, Фариза Қуандық, Алина Гибадуллина, Лиза Пелих жеңімпаз атағына ие болды.

Кіші жасты суретшілеріміздің жұмыстары фломастер, түрлі-түсті ватмандағы гуашь, акварель және балауыз борлар, сондай-ақ аралас техникада орындалған еді. Осы картиналардың желісіне алғашқы жауын, хайуанаттар бағы, сүйікті мысық, ұлттық аңыздар, жаңа үй құрылысы, қоршаған ортадан алған ерекше әсерлері, сондай-ақ әрине Астананың өзі себеп болды.

Ал ересектер санатынан 14 - 17 жас аралығында Катя Басок, 15 жас, мектебіміздің 2018 жылғы түлегі жеңімпаз атанды. Катя өз кезегінде «Қаладағы Наурыз» атты өте күрделі болып келген санқырлы композициясын гуашьпен орындады, ал оның орындаған жұмысы өте көркем және салтанатты болып шықты.

Осы халықаралық фестивалға жеңімпаздарды дайындағаны үшін Наталья Васильевна Герусова, Сәуле Бейбітханқызы Пернебаева, Ольга Ивановна Ловина, Оксана Валерьевна Сидоренко, Валентина Петровна Степанко, Татьяна Васильевна Ахметжанова марапатқа ие болды.