ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ресейдің астрономиялық форумының лауреаттары
28-09-2018 19:40
Ресейдің астрономиялық форумының лауреаттары

 

21 - 23 қыркүйек аралығында Бердск қаласының «Юбилейный» атты лагерінде XIII-ші «СибАстро - 2018» Сібір астрономиялық форумы өтті. Аталмыш форумда төртжүзге жуық әр түрлі жас ерекшеліктегі әуесқой астрономдар, өз ісінің мамандары, оқушылар жиналып, астрономиялық күздің келуін тойлады. Іс-шараның құрметті қонағы Ю. А. Гагарин атындағы ғарышкерлерді даярлау орталығының отряд мүшесі Сергей Владимирович Кудь-Сверчков болды.

«Сибастро - 2018» форумында Қазақстан елін «Антарес» командасы таныстырды, құраманың жетекшісі Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогы Гульнар Баубекова.  Команданың құрамына Павлодар қаласының Оқушылар сарайының «Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері Утенов Ансар (Жас дарын мектебі), Беличенко Алексей (№ 43 ЖОМ), Шилов Ярослав (№ 8 лицей-мектебі), Сагындык Асанали (№ 18 ЖОМ), Сибилев Кирилл (№ 3 гимназиясы) сонымен қатар Көкшетау қаласының № 14 ЖОМ-нің оқушылары енді.

Команданың керемет дайындығы және ынтымағы арқасында балалар «Сибастро - 2018» лауреаты дипломымен марапатталды. 

 Ғарышкер Сергей Владимирович Кудь-Сверчков жас астрономшыларға бастамаларына табыс тілеп, Жер планетасы жайлы кітапты табыс етті. Айта кетсек, бұған дейін оқушылар «Сібір» новосібір ғылыми қоғамының конференциясына қатысқан болатын. «Антарес» клубының тәрбиеленушілеріне Новосібір әкімшілігінің атынан 1 дәрежелі дипломдар мен естелікке сыйлықтар берілген болатын. Астроклубқа сыйлыққа Форумның қарқынды ғылыми бағдарламасында астрономияның әртүрлі салаларындағы танымал сарапшылардан, тәжірибелі астроном-байқаушылардан және ғарыш саласының мамандарынан 18 дәріс қамтылды. Антикитер механизімі жайлы өте сирек кітаптар табысталды.

Форумның бас  ерекшелігі - мектеп оқушыларының ауқымды қатысуы.