ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу
01-10-2018 22:17
Педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу

 

Ұстаздар күні қарсаңында Павлодар қалалық білім беру бөлімі басшысының м. а. Г. В. Әлкенованың қатысуымен педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу өтті.

         Кездесу барысында қонақтарға Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының оқу-материалдық базасы ұсынылды. Экологиялық- ботаникалық бағы бойынша шолу экскурсиялары жүргізілді. Білім беру бөлімі басшысының м. а. Г. В. Әлкенова өз сөзінде ардагерлерге қала мектептерінің материалдық-техникалық базасының дамуы, мектептерде спорт кешендерінің ашылуы, жаңа стандарттардың іске асырылуы  және білім берудің жаңартылған мазмұны туралы ақпарат берді.

         Қонақтарға № 30 ЖОМ, «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы,  Кенжекөл ауылы және № 3 балалар музыкалық мектептерінің ұстаздары дайындаған музыкалық бағдарлама ұсынылды.

         Педагогикалық еңбек ардагерлері кездесу барысында алған жетістіктер, білім берудегі жаңа еңгізілімдері туралы ақпараты, қалалық білім беру жүйесінің дамуына қосып жатқан үлестері үшін ұстаздарға алғыстарын білдірді.