ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Павлодар! Бірге жарығырақ!» экологиялық фестивалі
02-10-2018 13:08
«Павлодар! Бірге жарығырақ!» экологиялық фестивалі

 

2018 жылғы 21 - 22 қыргүйек күндері аралығында Павлодар қаласының № 25 ЖОМ негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, экологиялық мәдениеті мен білім беруді дамыту көлемінде Астана қаласы Әлия Назарбаеваның Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры «Павлодар! Бірге жарығырақэкологиялықфестивалін өткізді.

Фестивал шеңберінде 160 қатысушы жалпы қамтылуыменмектеп, мектептен тыс, балабақша басшылары, ұстаздары мен ата-ана комитеттері төрағаларының қатысуымен 50 бала жалпы қамтылуымен балалар мен ұстаздарға арналған мамандандырылған шеберлік сыныптары  өтті. 100 қатысушы жалпы қамтылуымен кең көлемді флеш-моб өткізілді.

№ 39 ЖОМ оқушысы Аяна Сламбекова («Кәмпит орамасының құпиясы»), № 34 ЖОМ оқушысы Екатерина Вербова («Мектеп жанындағы учаскенің ландшафты әрленімі»), Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері  Иван Стоцкий («Жасыл қала-жасыл ел!»), Ксения Мясникова және Данеля Маденова («Эко lookstylish»), Эрика Керн («Өлкеңді танып, сүйе біл») жобаларын қорғады.

Жобаларды қорғау қорытындылары бойынша жоба жетекшілері Бақыт Қапасқызы Текенова, Ахметуәлі Рашитұлы Қапашев, Оксана Арсеньтевна Чучко, Евгения Николаевна Москаленко, Наталья Николаевна Губарь, Қорлан Қабдуәліқызы Демеуова, Диана Михайловна Гейделинг дипломдармен марапатталды.