ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мектепке жол» республикалық акциясының қортындылары
03-10-2018 00:22
«Мектепке жол» республикалық акциясының қортындылары

 

Күн көрісі төмен отбасылар балаларына, жетім және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмек беру мақсатында Павлодар қаласында жылсайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілді.

Акция барысында үш қайырымдылық шаралар, оңынан тұрмаған, көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасылар үйлеріне 1228 рейдтік шаралар өткізілді. Рейдтік шараларға 209 білім беру, ішкі істер, тұрғындарды әлеуметтік қорғау органдарынан, ата-аналар қоғамдастығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Мектепке жол» акциясы шеңберінде мектеп жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге 8 сауда фирмалары қатысты, олар кеңсе тауарларын, мектеп киімін, аяқ киімдерді 15 тен 20% ға дейін жеңілдікпен ұсынды.

2018 жылғы 22 қыркүйекте «Квазар», «Манақбай» сауда үйлерінде мектеп керек-жарақтарын жинау үшін қайырымдылық жәшіктері орнатылды.

Қаланың білім беру ұйымдарында «Ауыл балаларына - мектепке сыйлықтар» атты қайырымдылық акциялары өткізілді. Осы акцияның мақсаты Ленинский кентінің, Жетекші, Павлодарское, Кенжекөл ауылдарының күн көрісі төмен отбасылар балаларына көмек беру болды.

«Твори добро» акциясы бойынша жаңа оқу жылының басында қаланың жалпы орта мектептерінің әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың 30 астам балалары сұлулық салондарына барды, онда оларға тегін шаштарын қиғызу мүмкіндіктері ұсынылды.

«Первый раз в первый класс» акциясы барысында 150 болашақ бірінші сынып оқушыларына көмек берілді. Балалар кеңсе керек-жарақтары бар сөмкелер алды. Оқушыларды сөмкелер, кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге «Қазақстан халық банкі» АҚ, Павлодар қаласының добряктар клубы, Қызыл ай қоғамдастығы көмектесті. Үш қайырымдылық акциясында, мердігерлермен көрсетілген, материалдық көмек сомасының барлығы, 4 миллион теңгені құрады.

«Мектепке жол» акциясының өтуі кезінде бұқаралық ақпарат құралдарында 9 бейне-сюжеттер, телехабарлар, сұхбаттар, 38 мақала, 10 рет радиода сұхбаттар, 994 баннер плакаттары жарияланды. Акция барысы туралы материалдар білім беру бөлімінің жеке сайтында, мектептердің сайттарында жайғастырылды. Білім беру бөлімінде азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін «ыстық желі» телефоны жұмыс істеп тұрды. Барлық жалпы орта мектептерде акция бойынша ақпараттық стендтер рәсімделді, шағын аудандарда парақшалар таратылды.

«Мектепке жол» республикалық акциясының қортындысы бойынша жалпы сомасы 36934,0 теңгеге тұрғындардың әлеуметтік қауқарсыз топтарының 4869 балаларына материалдық көмек көрсетілді, сондай ақ бюджеттік емес қаражат есебінен - 14954,0 теңге.