ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Лайықтыларға - марапат
03-10-2018 15:34
 Лайықтыларға - марапат


     2018 жылғы 2 қазан күні Астана қаласында мұғалімдер күнін мерекелеу қарсаңында «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.


      «Үздік оқытушы - 2018» аталымының жеңімпаздары мен 64 жеңімпаздан 2,4 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйақыға иеленген Павлодар облысының 4 оқытушысы оның ішінде Жақсылықова Жанара Жұмағұлқызы, № 16 лицейдің бастауыш сынып мұғалімі және Терешкина Алина Генриховна Павлодар қаласының № 29 балабақша тәрбиешісі.


      Жеңімпаздарға «Үздік мұғалім - 2018» төсбелгісі және ақшалай сыйақы берілді.


     Жанара Жұмағұлқызы мектеп, қала, облыс, республика мұғалімдерінің арасында көшбасшысы. Жаңа идеялар мен оқу технологияларын тәжірибеге енгізудегі бастамашысы. Бұндай кәсіби білімнің қалыптасуына және таратылуына елеулі үлес қосып, инновациялық педагогикалық тәжірибесі республика деңгейінде жинақталды. 2016 жылғы II Республикалық Педагогикалық Оқулардың І дәрежелі дипломының иегері, 2016, 2017 жылғы «Жыл мұғалімі» облыстық және қалалық жарыстарда Гран-при иегері, «Педагогикалық шеберлік - 2018» облыстық конкурсының лауреаты.2013 жылдан бастап Павлодар облысының мұғалімдеріне арналған шығармашылық топтарды, семинарларды, шеберлік сыныбын, онлайн-сабақтарды ұйымдастыру арқылы өзінің инновациялық тәжірибесін насихаттауда. 2017 - 2018 оқу жылында оқулықтардың мазмұнын сараптауды, негізгі оқулықты таңдауды және 3 сынып оқушылары үшін бастауыш мектеп пәндері бойынша оқулықтарды басып шығаруға комиссия мүшесі болды.


      Алина Генриховна, балабақша мұғалімдерінің, қалалық, облыстық, республиканық көшбасшысы, тәрбиешілер мен ата-аналарға арналған вариативтік компонент пен әдістемелік ұсынымдар бойынша жұмыс бағдарламаларын құрастырушы. Облыстық, республика деңгейінде тәжірибесі кең таратылған. 2014 жылы «Ең жақсы тәжірибе таныстырылымы» номинациясы бойынша «Сердца, отданные детям» Бірінші Қазақстан Кубогының жеңімпазы және иегері, 2015 жылы ҒӘО «ZIAT» «Тәлімі мол тәрбиеші ұстаз» республикалық байқауының, ІІ республикалық конкурсыныңжеңімпазы, «Үздік оқытушы - 2015», облыстық, қалалық «Педагогикалық шеберлік - 2016», «Білім берудегі көшбасшы 2016» конкурстарының жеңімпазы.


     Педагогтердің еңбектегі қызметтері бірнеше рет Павлодар қаласының білім басқармасы мен облысының облыстық мәслихатынан, ҚР БҒМ-нің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды.