ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
М. Макатаев қалалық оқулары туралы
03-10-2018 16:02

 

2018жылы 8 қазанда сағат 14.00-де № 14 ЖОМ ( Катаев көшесі, 36) «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен қаланың жалпы білім беру мектептерінің 7 - 11сынып оқушылары арасында «М. Мақатаев оқулары» байқауы өтті.
Мақсаты - қазақ классиктерін оқу және білу, туған жеріне,өлкесіне сүйіспеншілігін тәрбиелеу, ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау.
«М. Мақатаевоқулары» байқауы 6- номинация бойынша өткізіледі.
«Менің пірім - Мұқағали»-оның идеясына сәйкес оқушылар Мұқағали дың бір өлеңін оқиды .Осы номинацияда сахнадағы сана сезімі,өзін ұстау мәдениетіне көп көңіл бөлінеді.
«Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» - қатысушы өзінің шығарған шығармасын жатқа оқиды.
«Жыр эстафетасы» - «Райымбек, Райымбек», «Ару ана», «Ак аун бири», «Музбала» тағы басқа поэмалардыжатқа білу керек.
Отанға деген сүйіспеншілік туралы тақырыпқа қысқаша өлең құрастыру үшін дайын болжамдарды пайдалану.
«Өлеңненөрілген ой» - қатысушылармен ақынның тақырыптық мазмұны ашылады, меншікті көркемдік ойы дамиды. Мұнда шешендігі, сөз тапқырлығы, зеректігі ескеріледі.
«Мұқағалимұрасынкімкөпбіледі» - ойын-викторина (блиц-сауалнама) «Жорға» ойынының үлгісі бойынша «Ғасырлар көшбасшысы» тележоба. 1 минутта 10 сұраққа жауап беру керек.
Оқу қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер бас жүлде және І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Бас жүлде және І орын алған жеңімпаздар қазанда байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.
Тел. 322343
Павлодар қаласының білім беру бөлімі