ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мерекелік ретро-концерт
04-10-2018 00:10
Мерекелік ретро-концерт

 

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде Мұғалімдер күніне орай «Жүректен жүрекке» мектеп жобасы аясында «Бәрі де махаббаттан басталады...» мерекелік ретро-концерт өтті. Концертке мектептің және қаланың педагогикалық еңбек ардегерлері шақырылды.

Концерттің бағдарламасы жан-жақтылығымен және кәсібилігімен көрермендерді керемет көңіл-күй мен шаттыққа бөледі. Аспаптық ансамбльдің орындауында Антонио Карлос Жобимнің «Корковадо», Джордж Ширингтің «Колыбельная страны птиц», Джозефа Косманың «Осенние листья» тебірентерлік және ұлы туындылары шырқалды. «Извозчик» пьесасымен Олег Михайленконың өнері концертті жандандыра түсті, көрермендер оны ду қол шапалақтап қарсы алды.

Педагогтар Ксения Миронец, Виолетта Бубнова, Дарига Аллахвердиева, Анастасия Федунова, Регина Иванова, Ирина Петрованың орындауларындағы әрқайсына таныс және терең ойлы О. Фельцманның «Старые слова», А. Бабаджанянның «Не спеши», Л. Ошаниннің  «А за окном то дождь, то снег», В. Сидоровтың «Дружба» әндері, орыс халқының әндері тыңдармандардың жүректерін жаулап алды.

Стас Наминнің «Мы желаем счастья вам» әнін концерт қатысушылары бірге орындап, концертті керемет аяқтады. Мектептегі осындай концерттер дәстүрлі болып табылады, сол себепті көрермендермен қайта қауышамыз деп үміттенеміз.