Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында Павлодар қаласы әкімінің қатысуымен 2018 жылғы 5 қазанда сағат 17.00-де Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өтеді.
Іс-шараға Павлодар қаласы білім беру бөлімінің педагогтері, педагогикалық еңбек ардагерлері қатысады.
Мереке бағдарламасында - қалалық «Жыл мұғалімі», «Жыл тәрбиешісі» конкурстарының қорытындылары.
Конкурстардың нәтижелері бойынша Бас жүлде иегері, жеңімпаздар мен жүлдегерлер, номинанттар анықталды.
«Замануи менеджер», «Шығармашыл ұстаз», «Педагог-шебері», «Үздік сынып жетекші», «Бала жүрегіне жол тапқан» номинациялары бойынша Павлодар қаласы әкімінің, Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің, Павлодар облысы білім беру басқармасының наградаларын табыстау жоспарлануда.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі