ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мұқағали Мақатаев талантының сүйермендері
10-10-2018 00:43
Мұқағали Мақатаев талантының сүйермендері

 

«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен Павлодар қаласының № 14 жалпы орта білім беру мектебінде 2018 жылғы 8-шы қазанында ХІІІ республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» конкурсының қалалық кезеңі өтті. Конкурсқа қалалың 19 мектебінен 25 оқушы қатысты.

Сайыстың шарты бойынша жас талапкерлер алты бөлім бойынша бақтарын сынады. «Менің пірім - Мұқағали» оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқыды, «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» - жас ақындар өз туындыларымен таныстырды, «Жыр эстафетасында»  - қатысушылар ақынның «Аққулар ұйықтағанда» және «Райымбек, Райымбек» поэмаларын мәнеріне келтіре отырып жатқа оқыды, «Жас ақын» - берілген ұйқасты пайдалана отырып, тұжырымды, түйінді шумақтарды қолма-қол шығарып, шабытты жырларын ұсынды, «Өлеңмен өрілген ой» - берілген өлең құрылысына қарай талдау жасады, «Мұқағали мұрасын кім көп біледі» - қатысушылар ақын өмірі мен шығармашылығынан қаншалықты деңгейде хабардар екендігін анықтайтын 10 сұраққа жауап берді.

Қорытынды бойынша 6 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, 5 оқушы номинация иегерлері болды.

Бас жүлдеге № 35 мектебінің 9 сынып оқушысы Кошматова Балнұр ие болды. Ол ақынның шығармашылығын оқуда шеберлігімен есте қалды. Мақатаевтың өлеңдерін жақсы білетін, ақынның шығармашылығының тақырыбы мен идеясын ашып көрсету қабілетіне ие.

І орынды № 37 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қасымхан Алуа иеленді. Алуа бала кезінен бастап қазақ әдебиетін жақсы көреді. 2016 жылы Мақатаев оқуларынақатысып, ІІ орынды иеленді. Конкурсқа Алуа Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек» поэмаларын жатқа оқып келді.

ІІ орынды № 40 мектебінің 8 сынып оқушылары Қызыр Айжан мен № 7 мектебінің 10 сынып оқушысы Бикеева Рузия өзара бөлісті. ІІІ орынға № 2 мектебінің 9 сынып оқушысы Жұмажан Данияр мен № 39 мектебінің 11 сынып оқушысы Смоляникова Надежда ие болды.

Атаулы номинация иегерлері «Жас ақын» № 18 мектебінің 7 сынып оқушысы Қалел Ілияс, «Ең кішкентай оқырман» Назаров Максим № 14 мектебінің 5 сынып оқушысы, «Сахналық шеберлігі» Солтан Сайданур № 30 мектебінің 7 сынып оқушысы, «Үздік білімпаз» № 12 мектебінің 11 сынып оқушысы Әубәкір Асылжан, «Жүзден жүйрік» Кунашева Дильнур № 33 мектебінің 9 сынып оқушысы.

Гран-при, І орын иегерлері қазан айында оқулардың облыстық кезеңіне қатысады.