ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Басшылар мектебі
12-10-2018 12:49
Басшылар мектебі

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2018 жылғы 11 қазанда № 39 мектепте қалалық педагог жұмыскерлердің кәсіподақ ұйымымен бірлесе «Білім саласындағы еңбек қарым-қатынастарын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша жалпы орта білім беру мекмелері мен мектепке дейінгі мекемелер Басшылары мектебінің кезекті отырысы өткізілді.

Басшылардың назарына Павлодар облысы бойынша еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанұлы Капановтың «Келістіруші комиссия - ұжымның тұрақты және тиянақты жұмыс істеуінің кепілі ретінде» тақырыбы бойынша сөз сөйлеуі, облыстық кәсіподақтар кеңесінің заңгері Гүлшат Оралқызы Джаркенованың еңбектік қарым-қатынас салысындағы Заңнамаға өзгерістер енгізу мәселелері бойынша сөз сөйлеуі, Павлодар қаласы педагог жұмыскерлердің кәсіподақ ұйымының төрағасы Сабира Шакенқызы Сеиітованың әлеуметтік серіктестік және ұжымдық шарттардың нормаларын сақтау мәселелері бойынша сөз сөйлеулері ұсынылды.

Білім беру ұйымдары басшыларының еңбек шарттарын жасасу және бұзу, тәртіптік жаза қолданудың дұрыстығы (заңға сәйкестігі), еңбек демалыстарын беру, сауықтыру жәрдемақыларын төлеу мәселелері бойынша сұрақтарына жауаптар берілді.