ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Өзін-өзі тану пәні бойынша облыстық олимпиаданың қорытындысы
16-10-2018 15:51
Өзін-өзі тану пәні  бойынша облыстық олимпиаданың қорытындысы

       «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша № 16 лицей-мектебінің оқушылары Павленко Ольга (7 сынып), Фрик Дарья (8 сынып), Ключкова София (9 сынып) және № 24 ЖОМ оқушылары Касымканова Еркежан (7 сынып), Нығметова Айзада (8 сынып), Шамшитова Айша (9 сынып) ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

     № 16 лицей-мектеп командасы «Риясыз қызмет ету қуаныш пен бақытқа әкеледі» атты әлеуметтік жобасын дайындап, таныстырды. Жобада риясыз білім жүйесін кеңейту арқылы тұлғаның рухани-адамгершілік әлеуетінің, адамдарға қызмет етуге, қоршаған ортаны қайта құруға бағытталған қайырымды істерді құрудағы бірлескен іс-әрекет мүмкіндігінің тақырыбы көрсетілді.

    № 24 ЖОМ командасы «Мейірімділік» атты тақырыбын қорғады. Оқушылар мектепте бір жарым жыл бойы «Қақпақты жина» атты акциясы өткізілгенін айтты, жиналған қақпақтарды мектеп «Мейірімділік клубына» тапсырды, қайта өңделген қақпақтардан түскен қаражатты қайырымдылық мақсаттарға жұмсайды. Сонан соң мейірімділік туралы көрініс ұсынды.

       Олимпиада 2018 жылы 4 қазанда № 3 дарынды балаларға арналған гимназияда өткізілді. 17 команда құрамында облыстың 51 оқушысы қатысты. Олимпиада мақсаты - балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру, құндылықты бағдарларды қалыптастыру, шығармашылық әлеуетті дамыту, шығармашылық қызметте өзін-өзі танытуға ұмтылуды марапаттау, жеке қасиеттерін көрсету және өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылу.