ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұстаздарының көркемөнер көрмесі
17-10-2018 10:27
Ұстаздарының көркемөнер көрмесі

       Павлодар қаласының № 2 Балалар көркемсурет мектебінде «Шығармашылық палитрасы» атты ұстаздар жұмыстарынан көрме ашылды.

  Суретші-ұстаздар портрет, пейзаж, натюрморт, анималистік жанр және зергерлік өнер сияқты бейнелеу өнердің әртүрлі жанрларын көрсетті.

   Татьяна Васильевна Ахметжанова әртүрлі техникада орындалған пейзаж орындады. Олардың арасында акварельді қысқы пейзаж, және толықтай өңделген сулет сарыны орын алатын түрлі-түсті қарындаштармен орындалған суреттемелер, сондай-ақ акварель мен қара гельдік қаламмен аралас техникада салынған сәндік пейзаждар бар. Линогравюра техникасында Татьяна Васильевна пейзаждың жайма шуақ көңіл күйін жеткізу үшін ақ-қара кереғарлықты іскерлікпен қолдана білді.

    Акварельді кескіндеме шебері Анжелика Николаевна Бамбуляктың шеберлікпен орындаған Баянауыл пейзажы таңдандырады. Оның жазған пейзажы жарық пен ауға толықсыған, оның түсі айқын және жаңа, сондай-ақ көркем.
Валентины Петровна Степанко мен Раиса Петровна Степанконың табиғат элементтері орын алған сәндік композициясы ерекше және біртума. Суретші қыздарымыздың қолданған рельефтік тәсілдері суреттің сәндік және көлемдік жағын күшейте түседі, және олардың түсі әртүрлі. Сонымен қатар автордың түстерге қатысты негізгі шешім қабылдау көмегімен суреттің көңіл күйі, жарық жарқын немесе ойланғыштық нәзік, сырлы және жұмбақ болып келетінін көруге болады.

    Ал Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Ольга Ивановна Ловинаның керемет стильді және айырықша зергерлік өнер жұмыстарын танымау мүмкін емес. Осы жолы көрермендеріміз Ольга Ивановнаның көркемдік нәзік талғаммен орындаған зергерлік жаратуларын, сондай-ақ адамның денебітімі салынған суреттерді үлкейтілген фотосуреттерден көруге мүмкіндік алады.

     Гуашь техникасында «Голлан лалагүлі» атты әсем және кербез жұмысын, суретші-ұстаз Оксана Валерьевна Сидоренко классикалық реализм стилінде орындады.

       Жанар Ержанқызы Шайкенова, Екатерина Александровна Одарчук және Дина Сапарбекқызы Сәменова сияқты жас мамандарымыз да көрмеге белсенді қатысты. Соның ішінде композициясы жағынан әдемі де сапалы болып келетін Жанар Ержанқызының қоқиқаз және балық бейнеленген нәзік акварельді этюдын атап айтуға болады.

   Ал Александра Станиславовна Ловина-Самошкина болса біздің туған қаламыздың әсем бұрыштарын майлы этюд арқылы жеткізді.
Көрме қазан айының аяғына дейін жқмыс істейді.