№ 43 ЖОМ футбол алаңының салтанатты ашылуы өтті. Бұл оқиғаны мектеп оқушылары, мектеп алағында балалармен бірге спортпен айналысқан шағын аудан тұрғындары да асыға күтті. Мақсаты - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының салауатты ұлтты қалыптастыруға, бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және спорттық кешендердің құрылысына ерекше көңіл аударылатын міндеттерін жүзеге асыру.
Спорт мерекесіне педагогикалық еңбек ардагері, ҚазССР ағарту озаты Николай Захарович Семига, спорт ардагері Виктор Николаевич Бондарь, «Марафон» спорт клубының жаттықтырушылары, қамқоршылық кеңестің өкілдері және мектеп шағын ауданының тұрғындары шақырылды.
Жазғы кезең ағымында спорт құрылысының қазіргі заманауи техникалық талаптарына сай толық көлемді футбол алаңының күрделі жөндеуі жүргізілді. Спорт кешеніне жасанды шөппен жабылған баскетбол, волейбол және футбол алаңдары кіреді.
30 жылдан астам мектептің спорт командасы оқушылар арасындығы қалалық спартакиадада қысқы және жазғы көпсайыстан, волейбол, баскетбол, шахмат және жеңіл атлетикадан жүлделі орындарға ие болып келеді. «Марафон» клубының жаттықтырушылары мен дене шынықтыру мұғалімдері мектеп қабырғасынан бірнеше мәрте республика жеңімпаздарын тәрбиелеп шығарды. Мектеп өз түлектерін, Қазақстан республикасының чемпиондарын мақтан етеді: биатлон бойынша спортшылар Дарья Усанова мен Евгений Мясоедов, офицерлік үшсайыстан - Анастасия Усанова, жеңіл атлетикадан Ольга Богомольская, Александр Сидоров, Милана Семенова, Николай Болибок.