ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаланың пилоттық мектебінде оқулық сараптамас
19-10-2018 12:09
Қаланың пилоттық мектебінде оқулық сараптамас

        Павлодар қаласының № 39 гимназиялық сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебінде 2018 жылдың 16 қазан күні «Алматыкітап» баспасының өкілі Ж. Ғ. Нұрмұхаметовамен кездесу өткізілді. № 39 мектеп 2015 жылдан бастап жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасын енгізу туралы пилоттық жобаны жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының 30 мектеп санына енгізілген. 2017 жылдан бастап түрлі баспа оқулықтарын сынау бойынша эксперимент алаңы болып табылады. Осы оқу жылында 4, 9, 10 сыныптарға арналған оқулықтарды сынаудан өткізеді.

       № 39, 22, 9 мектеп мұғалімдері, Павлодар қаласы білім бөлімінің, облыстық білім беру басқармасы мамандарының қатысуымен оқулықтарды сынау туралы баспа өкілімен конструктивті диалог өтті.

         Педагог-тәжірибешілер оқулықтар, жұмыс дәптерлері, мұғалімдерге арналған оқу құралы педагогика қоғамының зор қызығушылығын туғызғанын атады. Жазира Ғадылқанқызы математика, информатика, қазақ тілі, жаратылыстану оқулық авторлары үшін ұсыныстар мен тілектерін, жағымды пікірлерін ескеріп қабылдады.
Кездесу қорытындысында Ж. Ғ. Нұрмұхаметова қала мектебі мұғалімдерінің жаңа оқулықты сабақта ғана қолданбай, сонымен қатар авторларға және оқу-әдістемелік жиынтық мазмұнын жақсартуға көмектесетінін, ұсыныстар мен тәжірибелік кеңестер беретінін атап өтті.

       Осы бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғастырылады, басқа да баспалар мен оқулық авторлары өкілдерімен кездесулер өткізіледі.