ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мағжан Жұмабаев шығармашылығының білгірлері
24-10-2018 17:23
Мағжан Жұмабаев шығармашылығының  білгірлері

       2018 жылдың 22 қазанында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «Мағжан оқулары» байқауын өткізді. Мақсаты - дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қолдау, ақынның оқушылар арасында шығармашылығын насихаттау. Қаланың 27 жалпы білім беретін мектебінің 5 - 11 сыныптарының 56 оқушысы қатысты.

    «Мағжан оқулары» 3 бағыт бойынша өткізіледі. «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» - жас оқырмандар байқауы. Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін ұсынуы қажет. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас ақындар байқауы. Өз шығармаларын орындау. «Толқынмен толқын сырласып»-шығармашылық жұмыс.

      Байқау нәтижесу бойынша «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» бағытында - І орын № 25 ЖОМ 9 сынып оқушысы Сәрсембаева Жасмин алды. Мағжан Жұмабаевтың 20 шығармасын біледі және көркем оқу дағдыларын көрсете алады. ІІ орын - № 1 ЖОМ 7 сынып оқушысы Батырхан Нұрайым, № 40 ЖОМ 6 сынып оқушысы Жакенова Мөлдір, № 22 ЖОМ 5 сынып оқушысы Амангелді Асемгүл. ІІІ орын - Кенжекөл ЖОМ 5 сынып оқушысы Қамза Әбиба, № 37 орта ЖОМ 8 сынып оқушысы Ахметова Шолпан, № 21 ЖОМ 8 сынып оқушысы Қапанов Алимхан, № 30 ЖОМ 7 сынып оқушысы Алигожина Амина.

      «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бағытында - І орын № 19 ЖОМ 11 сынып оқушысы Откенова Дана. Ол ақынға арнау жазды, және еркін тақырыпқа өз туындысын жақсы жазды. ІІ орын - № 20 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Байжанқызы Дамира, № 25 ЖОМ 11 сынып оқушысы Нурахметова Анара, № 22 орта мектептің 10 сынып оқушысы Рахатбек Ерзат. ІІІ орын - № 7 ЖОМ 6 сынып оқушысы Сагатова Дильназ, № 12 ЖОМ 9 сынып оқушысы Сайабек Бауыржан, № 37 ЖОМ 6 сынып оқушысы Садартинова Айдана, № 40 ЖОМ 7 сынып оқушысы Мукашева Гульзат.

      «Толқынмен толқын сырласып» бағытында - І орын № 22 ЖОМ 9 сынып оқушысы Аленова Дильназ. Ол «Жел» туындысы бойыншаөзінің ғылыми-зерттеу жұмысында идеяны, мазмұнын, құрылым ашты, кіші, орта және кәрілік жас санатын салыстырды. ІІ орын - № 17 ЖОМ 6 сынып оқушысы Авильхан Нұртірек, № 20 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Қаратай Нурбол, № 25 ЖОМ 7 сынып оқушысы Наурызбай Іңкәр. ІІІ орын - № 2 ЖОМ 7 сынып оқушысы Магомед Жібекжан, № 7 ЖОМ 8 сынып оқушылары Турарбекова Назерке және Магауия Аружан (топтық), № 33 ЖОМ 9 сынып оқушысы Ханларова Каратель, № 37 ЖОМ 10 сынып оқушысы Зейнулла Тұрар.

   Жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталынды. І дәрежелі диплом иегерлері қазан айында өтетін облыстық кезеңде қатысады.