«Үздік-педагог - 2018» мұғалімдер портфолиосы халықаралық конкурсының ақтық турына Қазақстанның барлық облыстары мен өңірлерінен үздік педагогтар қатысты, солардың ішінде Айжамал Сланбекқызы Батаева, Павлодар қаласының №16 мектеп-лицейінің жоғары санаттағы физика мұғалімі.
«Үздік-педагог - 2018» портфолио конкурсында, А.С. Батаеваның жұмысы кәсіптік қызметінде 5 жылдан астам жұмыс өтілі бар «Тәжірибелі педагог портфолиосы» номинациясында бағаланды.
Портфолио келесідей критериялар бойынша бағаланды – педагогтің ақпараттық картасы, педагогикалық ұстаным, жұмысындағы басым бағыттар, әдістемелік жұмысқа қатысуы, интернет-қоғамдастыққа қатысуы, жетістіктері. Айжамал Сланбекқызы Батаеваның жұмысы халықаралық қазылар алқасымен жоғары бағаланды.
Конкурс қортындысы бойынша Айжамал Сланбекқызы Батаева «Үздік-педагог - 2018» атағына ие болды және Д. А. Кунаев атындағы «Өскелең ұрпақтың мәдениетін және тәрбиеленуін дамытуға қосқан үлесі үшін» орденімен марапатталды.
Конкурс 2018 жылғы 20 қазанда Астана қаласында өтті, ұйымдастырушысы «Экология, инженерия және педагогика ғылымдарының Халықаралық Академиясы» Қоғамдық қоры болды. Конкурстың мақсаты - педагогтарды кәсіби дамуға және кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға ынталандыру, өзінің педагогикалық қызметінің нәтижелерін анықтау, озық педагогикалық тәжірибені қорыту және көпшілікке тарату.