ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала оқушылары шығармашылық жұмыстар мен жобаларды қорғады
30-10-2018 00:10
Қала оқушылары шығармашылық жұмыстар мен жобаларды қорғады

      Павлодар қаласының № 37 ЖОМ 2018 жылдың 26 қазанында 1 - 7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары «Зерде» республикалық конкурсының қалалық кезеңі өткізілді. Конкурсқа қаланың 38 жалпы білім беру мектептерінен 1 - 7 сыныптың 217 оқушысы өз өлкесінің тарихи және мәдени мұрасы, математикалық теңдеу құпиялары, кристалл қасиеті, қуат үнемдеу мәселелері, үй жағдайында ауаның ылғалдылығын өлшеу, компьютерлік тәуелділік, экологиялық мәдениет, гендік модификацияланған организмдер, экологиялық мәселелер туралы 194 жұмыс пен жобаларын ұсынды.
Оқушылардың зерттеу жұмыстарын қорғау 8 секция бойынша өтті - қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика және информатика, физика және техника, медицина және психология, тарих, өлкетану және этномәдениеттану, биология және химия, экология және валеология.

        Конкурс қорытындысы бойынша 107 зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың авторлары жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды (I орынға - 22 жұмыстың авторлары, II орынға - 36, III орынға - 49).

        Зерттеу жұмыстарының арасында үздік деп № 25 ЖОМ 7 сынып оқушылары Әскерғали Малика мен Касенова Мадинаның «Ажал апанына айналған Алжир» атты командалық зерттеу жұмысы аталды. Олар АЛЖИР лагеріндегі әйелдердің тағдыры жайында өз жұмыстарын ұсынды. № 40 ЖОМ 7 сынып оқушысы Ерсынұлы Алтынбек қолдың ұсақ моторикаларын дамытуда асық ойнының пайдасы туралы «Жалпы және ұсақ моторикаларды дамытуға - асық ойының маңызы» жобасын қорғады. Экология және валеология секциясында № 25 ЖОМ 6 сынып оқушысы Ахметжан Ернұр «Павлодар қаласы тұрғындарының экологиялық мәдениетіне мониторинг» жұмысында қала экологиясын зерттеуде өз сауалнамаларын ұсынды. Әртүрлі жастағы қала тұрғындарымен сауалнама жүргізіп, экология бойынша мониторингтің бірнеше түрін жүзеге асырды, анализ жасап, қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін көтеру бойынша қорытынды жасады.

      Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломмен марапатталды және қараша айында конкурстың облыстық кезеңіне қатысады. Барлық қатысушыларға Орталықтың сертификаттары берілді.

  Әділ қазылар құрамында Павлодар облысы бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты «Өрлеу» АҚ филиалының және қаланың жоғарғы оқу орындарының оқытушылары жұмыс істеді.