XI Президенттік олимпиаданың II республикалық іріктеу кезеңіне 59 облыс, Павлодар, Аксу қалаларынан, аудандардан және 12 мамандандырылған мектептерден 11 сыныптың 127 оқушысы қатысты, сонымен қатар қала мектептерінің 5 оқушысы (№ 9, 16, 39, 20, 17 ЖОМ). Қатысушылар 2018 жылғы 26 қыркүйектегі І аймақтық кезеңнің жеңімпаздары болып табылады.
II республикалық іріктеу кезеңі 2018 жылы 17 қазанда Қазақстан Республикасы ғылым және білім Министрлігі Интерактивтік студия жүйесі арқылы бір уақытта республиканың барлық аймақтарында өтті және 2 турдан тұрды - математика, физика, химия, биология бойынша қашықтық тест және таңдауымен төрт пәннің біреуі бойынша шығармашылық (эссе жазу).
II республикалық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша № 9 мектеп-гимназия оқушысы Ульянова Майя және № 17 ЖОМ оқушысы Двинянина Екатерина республикалық кезеңге өтті.
Республикалық кезең 2018 жылы 13 - 16 қараша аралығында Қарағанды облысы Теміртау қаласында өтеді.