ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақстанның киелі жерлері балалар көзімен
01-11-2018 00:23
Қазақстанның киелі жерлері балалар көзімен

    Павлодар қаласы № 2 Балалар көркемсурет мектебі күзгі демалыс уақытында Қазақстанның киелі жерлеріне арналған бірегей көрме өткізуде. 
    Көрмеде осы жылы бітіріп кеткен түлектеріміздің жұмыстары көрменің үлкен бір бөлігін алып тұр, жетекшісі Татьяна Васильевна Ахметжанова. Негізінен олар, туған қаламыз бен Ертіс өңірінің табиғаты мен сәулетті жерлерін кенепке майлы кескіндеме техникасында әсем және кәсіби тұрғыда сауатты орындалған пейзаждар. Алена Павлюктың «Боровое» атты жұмысы асы бір таза ауамен толықсыған тәрізді. Ал Александра Нарушина «Баянауыл таулары» суреті күндей жарқырап тұр. Сондай-ақ Дарья Лущтың «Исабек ишан Хазрет кесенесі» атты жұмысы орындалу жағынан импрессионистік және өте көрікті болып тұрғандай. Иван Симоненко болса өз кезегінде қаламыздың көркі Баспошта және Сәтпаев ескерткіші орналасқан К.И.Сәтпаев көшесін таңдап, оны белгілі бір түстердің үйлесімді гаммасында сабырлықпен орындап шықты. 
    Полина Орлованың майлы мастахин кескіндемесі техникасында орындаған атақты «Кемпіртас» жұмысы түстердің әдемі, көрікті ауысымдылығымен ерекшеленді. Катя Басоктың жұмысы «С.Торайғыров ескерткіші» күрделі көпфигуралылығымен, кеңістіктік болашағымен, сонымен қатар көшелері мен түстердің керемет айқындылығымен таңдандыруда. Көп еңбекті талап еткен Әлішер Дуановтың «Жасыбай» графикалық жұмысы, акварель мен қара гельдік қыл қаламмен салынған. Осы үш дипломдық жұмыстар тәжірибелі маман Оксана Валертевна Сидоренконың жетекшілігімен орындалған.
    Көрмеде, сонымен қатар гуашь, акварель, фломастерлер, аралас техника сияқты әртүрлі техникада орындаған 5-14 жас аралығындағы кіші сынып оқушыларының жұмыстары да орын алуда. Солардың ішінде атақты киелі жерлер: «Таймас кесенесі», «Жасыбай батыр ескерткіші», «С.Торайғыров кесенесі», «Ақбидайдық петроглифы», Олентин жазулары», «Мұртты Құрған», «Қоңыр-Әулие үңгірі», «Қалмыққырған таулары», «Естай Беркімбаев қабірі», «Билік тасы» және т.б. көруге болады. 
    Барлық жалпы орта білім беру мектеп оқушыларын өте қызықты да, танымды көрмені келіп көруге шақырамыз. 
    Көрмені № 42 ЖОМ, сондай-ақ №: 7, 12, 14, 25, 33, 37, 42, 43 және Кенжекөл орта мектебінің оқушылары мен технолог ұстаздары кқріп кетті. Көрме 2018 жылдың 15 қарашаға дейін жалғасады.