ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаланың жас мамандарымен кездесу
02-11-2018 13:27
Қаланың жас мамандарымен кездесу

    Павлодар қаласының білім басқармасының әдістемелік кабинеті 2018 жылдың 1 қарашасында № 34 орта мектепте «ПроЛС» клубының отырысын өткізді. Қаланың білім беру мекемелерінен 95-тен аса жас мамандары қатысты.

    Клуб отырысына қатысушыларға «Біз жас мұғалімдерді қалай көреміз?» атты балалардың бейне-сұхбаты берілді, мектеп психологтары Ж. Ш. Кашкирова, О. В. Новой «Без маски» (бірлескен жұмыс ортасын құру), «Цветок в ладошках» (тренинг-релаксациясын) психологиялық тренингтер өткізді.

    «Мұғалімдер», «Оқушылар», «Ата-аналар» топтарындағы жұмыс («Мейірімді мұғалім-зұлым мұғалім», мұғалімнің портреттерін топтар арқылы қорғау және таныстыру жайында) қызықты болды. Жас педагогтар үшін орыс әдебиеті сабақтарында (жаңартылған білім мазмұн, оқытудың белсенді түрлері) және физика (көптілді білім беру, CLIL технологиясы) жас оқытушыларға оқушылар ретінде ашық сабақ өткізді. Оқушыларлар рөлінде жас педагогтар сөз сөйледі. Сабақты Еленич Наталья Александровна қалалық, облыстық мұғалімдер олимпиадасының жеңімпазы және Мендыбаев Жасұлан Габитович облыстық «Жыл мұғалімі-2017» конкурсының гран-при иегері өткізді. Өткізілген сабақтар бойынша рефлексия креативті түрде өтті - жарнама, арнау өлеңдермен, жас мамандар тобының әр түрлі ұстанымдарынан сабақ туралы пікір-алғыс айту.
 Жас мамандармен Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі м.а. Шолпан Сәменқызы Нұрахметова және № 34 ЖОМ директоры Болат Қапкенұлы Айгожин өткізген жас мұғалімдерге арнау кезінде өз кәсібіне адал болу міндетін алды.

    Жас мамандарға Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, педагогикалық еңбек ардагері Савченко Татьяна Алексеевна мектеп директорының орынбасары, Жабыков Тимур Нурланбекұлы музыкалық сазды салемдеме арқылы құттықтау сөз сөйледі. «Осындай іс-шаралардың арқасында жас педагогтардың, қалалық, облыстық, республикалық байқауларда жеңімпаздарының кәсіби өсуі мен қалыптасуы байқалады», - дейді Ш. С. Нұрахметова.

    Жыл сайын жас мамандармен педагогтар қатары толықтырылып отырады. Соңғы 3 жылда қала мектептеріне 318 жас маман келді, бұл барлық педагогтардың 11% құрайды. 2018 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің 140 түлегі, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, колледждер, соның ішінде 68 жоғары оқу орнының түлектері қаланың оқу орындарында жұмыс істеуге тілек білдірді.Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледж түлектерінің 35% мектепке дейінгі тәрбие, бастауыш мұғалімі мамандықтары бойынша облыс орталығының жалпы орта білім беретін мектептері мен мектепке дейінгі ұйымдарында жұмыс істеуге тілек білдірді. Қаланың музыкалық мектептері әр түрлі мамандықтағы 24 жас мамандармен толықты. Қаланың білім беру мекемелеріне 140-тан астам жас маман келеді.