ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Инновациялық білім беру тәжірибесін қорғау нәтижелері
05-11-2018 00:07
Инновациялық білім беру тәжірибесін қорғау нәтижелері

 «Педагогикалық бастамалар» облыстық конкурсы аясында инновациялық педагогикалық тәжірибені қорғауға 53 педагог қызметкерлері, аудандық және қалалық конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 4 секция бойынша қатысты.

   Байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласындағы білім беру мекемелерінің 13 мұғалімнің инновациялық педагогикалық тәжірибесін жалпылау туралы сертификаттар берілді.

  «Жаратылыстану-математикалық пәндер» бағыты бойынша сертификаттар № 40 ЖОМ математика мұғалімі Алина Бейбітқызына, № 17 ЖОМ математика мұғалімі Гүлбаршин Темирбулатқызы Батталоваға, № 34 ЖОМ география мұғалімі Эльмира Уралқызы Мукароваға.

  «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» бағыты бойынша сертификаттар № 21 ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Рауш Ольга Ивановна, № 25 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі Бейсекеева Ильмира Ақылбекқызы, № 22 ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Баядилова Мейрамгуль Петровна, № 40 ЖОМ психолог-логопеді Матай Қымбат Галлямқызы, Кенжекөл ЖОМ тарих мұғалімі Калиева Самал Маратқызы, М. Әуезов атындағы № 42 ЖОМ тарих және география мұғалімі Тулебаева Салтанат Бақытқызы, № 42 ЖОМ тарих және география мұғалімі № 22 ЖОМ музыка мұғалімі Джакова Қарлығаш Суртайқызы, № 29 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Сейтқалиева Айсана Аскаровна, № 28 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Алкеева Риза Сайкенқызына.

  «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту. Бастауыш сыныптар» № 34 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Никитина Елена Сергеевнаға табысталды.
Педагогтердің жұмыс тәжірибесінің материалдары облыс мұғалімдерінің педагогикалық жетістіктер банкіне енгізіледі және облыстың білім беруді дамытудың Инновациялық орталығының сайтында орналастырылады.

  Конкурсты инновациялық орталық 2018 жылғы 2 қарашасында өткізді. Қазылар алқасы құрамында жоғары оқу орындарының оқытушылары, әдіскерлер, мектеп басшылары, республикалық кәсіби конкурстардың жеңімпаздары жұмыс істеді.