ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
05-11-2018 00:08
Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

 «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» облыстық конкурсына облыстың білім беру мекемелерінің мұғалімдері мен оқушылары арасында 9 бағыт бойынша 105 жоба ұсынылды, оның ішінде Павлодар қаласының білім беру мекемелерінің 16 жұмысы ұсынылды.

  Байқау қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломға Бурлакова Наталья Яковлевна, ІІ дәрежелі дипломға Чайковская Елена Леонидовна, ІІІ дәрежелі дипломға № 24 ЖОМ мұғалімі Имперова Салтанат Ашоковна, № 17 ЖОМ мұғалімі Ибраим Махаббат Қасенқызы, № 1, 5, 16 ЖОМ мұғалімдері Балпекова Гульмира Сарсенбаевна, Омарова Асимгуль Маратовна, Кабдракишева Айгуль Сабитовна, № 24 ЖОМ мұғалімі Слывоцкая Ольга Яковлевна, № 25 ЖОМ оқушысы Қонақбай Асаин ие болды.

   Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Облыстық білім басқармасының грамотасымен келесі номинациялар бойынша жобалар марапатталды - «Жаңашыл мұғалім» Павлодар қаласының № 25 ЖОМ мұғалімі Асылбаев Еркебұлан Темиртолюұлы, «Бағдарламашы мұғалім» номинациясымен № 35 сәбилер балабақшасының мұғалімдері Гура Мария Павловна, Аленова Жулдыз Кудайбергеновна, Елена Владимировна Прокопец марапатталды.

  Павлодар қаласының № 16 мектеп-лицейінде білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы 2018 жылдың 1 қарашасында дәстүрлі облыстық «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» байқауының ақтық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына ғылыми және практикалық қызығушылықты дамыту, инновациялық және шығармашылық АКТ-идеяларын анықтау және жылжыту, дарынды мұғалімдер мен оқушыларды қолдау.