ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұстаздарға арналған күзгі шеберлік сабақтар
06-11-2018 00:23
Ұстаздарға арналған күзгі шеберлік сабақтар

    Қалалық семинар-практикум шеңберінде Павлодар қаласының № 2 Балалар көркемсурет мектебі күзгі демалыс уақытында қаламызыдың жалпы білім беру мектептерінің ұстаздарына арналған шеберлік сабақтарын өткізді. Практикумға № 7, 12, 14, 25, 31, 33, 37, 39, 42, 43, Кенжекөл ЖОМ технология пәнінің ұстаздары қатысты.

    № 2 көркемсурет мектебінің тәжірбиелі ұстазы Татьяна Васильевна Ахметжанова «Әріптер» атты графикадан шеберлік сабағын өткізді. Әріптер дегеніміз - кітаптарды әшекейлеу өнерінің ең маңызды бір бөлігі болып табылатын, ең үлкен және ғажап рәсімделген мәтіннің бірінші әрпі. Бұл дегеніміз мәтіннің бас жағында оқырманның көңілін аударатын, ерекше бір көркемдік әдіс. Шеберлік сабақтар қатысушыларына флора, фауна, сонымен қатар басқа да объектілер бейнесін қолдана отырып, бір әріпті стильдеу міндеті қойылды. Бұл тапсырма көрнекі ойлау мен қиялды, сондай-ақ жинақылықты жетілдіреді.

    Кескіндеме шеберлік сабағын мектептің жетекші ұстазы Анжела Николаевна Бамбуляк көрсетті. Бұл шеберлік сабағында акварельді кескіндеме мүмкіндіктері ашылып, «Лессировка», «Өңделмеген акварель», «Аля-прима» сияқты бастапқы ізденістерде қолданылатын негізгі техникасы көрсетілді. Лессировка техникасы - түстердің бірте-бірте нығайуы мен өң қанықтығы орын алатын көп қатпарлы кескіндеме. «Өңделмеген» техникасы бір түсті екінші түске жайлап ауыстыруға отырып, дымқыл қағазға нұсқа салуды жобалайды. Және, анық тәжірибе мен икемді талап ететін ең күрделі тәсіл «Аля-прима», себебі нұсқа түс және өңнің толық күшімен бір мезетте салынуы қажет, ал бұнда жаңылысуға болмайды. Және де акварельді бояулардың үлкен көлемін араластырғанда ластанып қалмау үшін өте ұқыпты болу қажет, ал түстерді өте жарық және таза шығуды ұмытпаған жөн. Осындай техникада орындалған акварель, ереже бойынша өте түрлі-түсті болып келеді.

    Сондай-ақ мектебіміздің көрме залында ұстаздарға арналган батик көрмесі ашылды.