kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2907889
Бір айда232603
Бір аптада50567
Кеше8379
Тәулік7042
Оқу-жаттықтыру жиыны
07-11-2018 00:21
Оқу-жаттықтыру жиыны

    Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2018 жылдың 29 қазанынан 2018 жылдың 3 қараша аралығында С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік универститетте, Павлодар Мемлекеттік педагогикалық универститетте, Инновациялық Еуразия университетінде пән олимпиадаларының қатысушылары, қаланың жалпы білім беру мектептерінің оқушыларына арналған күзгі оқу-жаттықтыру жиыны өткізілді. Мақсаты - жалпы білім беру пәндері бойынша олимпиадаға қатысуға дайындық, дарынды балаларды қолдау.

   Оқу-жаттықтыру жиынына математика, физика, биология, химия, география, информатика, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, қазақ тілі және әдебиеті, қазақ тілі, орыс тілі, орыс тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, неміс тілі бойынша мектеп олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлер санынан 32 мектептен 8 - 11 сыныптың 150 оқушысы қатысты.

    Сабақ Павлодар облысы бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін көтеру институты, «Өрлеу» білім беру қызметкерлерінің біліктілігін көтеру АҚ филиалы, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларымен жүргізілді.

   Жиын қорытындысы бойынша оқу пәндері бойынша рейтинг жүргізілді. Қазақстан тарихы бойынша № 25, 35 ЖОМ, № 16, № 20 мектеп-лицей, математика бойынша - № 17, 41 ЖОМ, № 9 гимназия-мектебі, физика бойынша - № 25ЖОМ, № 16, № 20 мектеп-лицей, биология бойынша № 14, 19, қазақ тілі және әдебиеті бойынша - № 2, 19, 33 ЖОМ, неміс тілі бойынша - № 39 ЖОМ, орыс тілі бойынша - № 26, 27, 36 ЖОМ, құқық негіздері бойынша -№ 29, 42 ЖОМ ең жақсы нәтиже көрсетті.

    Оқушыларға жиында алған білім мен дағдылар әрі қарай жалпы білім беру пәндері бойынша олимпиадаға дайындық кезінде көмектеседі.