ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаңартылған білім мазмұнды оқулықтармен танысу бойынша Республикалық семинар
07-11-2018 00:33
Жаңартылған білім мазмұнды оқулықтармен танысу бойынша Республикалық семинар

    2018 жылғы 5 - 6 қазан аралығында Павлодар қаласында оқу бағдарламаларымен танысу және жаңартылған білім мазмұнды оқулықтарды талқылау бойынша 2 күндік республикалық семинарға 500-ден астам бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдері, әдіскерлер, аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің мамандары, әдістемелік кабинет басшылары, облыс білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары, оның ішінде 40-тан астам қала мектептерінің мұғалімдері мен Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскерлері қатысты.

  «Алматы кітап баспасы» ЖШС, «Атамұра» Корпорациясы», «Мектеп», «Арман-ПВ», «Жазушы», «Көкжиек-Горизонт», «Бөбек», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Cambridge University Press», «Macmillan Publishers», «Oxford University Press», «MM Publications» баспаларының өкілдері 20 пәндік секцияда жаңартылған білім мазмұндағы бастауыш және негізгі орта білім пәндері бойынша оқулықтар мен оқу бағдарламаларын ұсынды. Семинарда қатысушыларға жаңартылған білім мазмұнының оқу бағдарламаларының мазмұндық аспектілері, жаңа оқулықтардың мазмұны мен құрылымына концептуалды тәсілдер бойынша түсініктемелер берілді.

  Биылғы оқу жылында 4, 9, 10 сыныптарға арналған оқулықтарды апробациялау Павлодар қаласының № 39 ЖОМ жүзеге асырылуда.