ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасын іске асыру туралы меморандумға қол қойылды
11-11-2018 23:58
«Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасын іске асыру туралы меморандумға қол қойылды

   2018 жылдың 9 қарашасында Павлодар қаласының № 37 ЖОМ Павлодар облысы білім беру басқармасы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Павлодар облысы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаменті арасында меморандумға қол қойылды. Мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылар мен олардың ата-аналарының денсаулығына жауапкершілікпен қарау.

   Облыстың 103 мектебінде «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасы енгізілді. Сонымен қатар, облыста тағы да 40 мектеп, оның ішінде № 37 ЖОМ енгізу жоспарланып отыр.

   Мектепте 1116 оқушы бар, дене шынықтыру және спорт үшін барлық жағдайлар жасалған - волейбол, футбол, жеңіл атлетика және баскетбол үшін қажетті жабдықтар бар. Оқушылардың 85% спортпен қамтылған.

  5 - 6 сынып оқушылары арасында мектеп волейбол командасы -облыстық, қалалық жарыстарының жүлдегерлері.

  47-ші қалалық олимпиадада жасөспірімдер командасы бірінші орынды, қыздар командасы екінші орынға ие болды (2016, 2017, 2018 жылы), жаттықтырушы Әлімжанов Біржан Мегдиятұлы.

  Қыздар командасы Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде (2018 жыл) Т. К. Шаяхметовтың құрметіне өткізілген волейбол турнирінде чемпион атанды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Алпысов Дәулет Ерсайынұлы.