ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
№ 41 мектепте бизнес-кабинетін ашу туралы
12-11-2018 15:30

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында 2018 жылғы 14 қарашада сағат 11.00-де Павлодар қаласының дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы № 41 ЖОМ-де (Суворов, 41) Ұлттық валюта күніне арналған бюджет қаражаты есебінен жаңа модификациялы мамандандырылған бизнес-кабинеті ашылады.


Жаңа жабдықтар мен заманауи дизайн буыны мектепке қаржылық сауаттылық бойынша арнайы курс бағдарламасын толық көлемде жүзеге асыруға, зерттеулер жүргізуге және ғылыми жобаларды әзірлеуге мүмкіндік береді. Кабинет компьютерлік техникамен, интербелсенді тақтамен жабдықталған.


Осы кабинетте «Халық банкі» АҚ қызметкерлері 10 - 11 сынып оқушылары үшін қаржылық сауаттылық бойынша сабақтар өткізеді. Бизнес-кабинетте оқушылар бизнес-жоспарын жасауды үйреніп алады, аударым операциялары мен олардың түрлерін, шоттар мен депозиттерді ашуды білетін болады, банк карточкаларын танып пайдалана алады. Оқушылар мектеп қабырғасында алғашқы қаржылық дағдыларды алады.


Кабинеттің ашылуына «Халық банкі» АҚ өкілдері қатысады.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі