ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектебінде «Қайырымдылық вагоны» акциясы басталды
13-11-2018 00:03
Қала мектебінде «Қайырымдылық вагоны» акциясы басталды

   Павлодар қаласы К. Макпалеев атындағы № 4 ЖОМ-де «Павлодар жүрегі» ҚҚ, «Добряков» клубы волонтерлерімен бірге күзгі каникул кезінде «Қайырымдылық вагоны» акциясы басталды.

   Акция өткізу бастамашысы 8 сынып оқушысы, қаладағы ең жас волонтер, Анель Моторина болды. Оның акцияны мектепте өткізу туралы бастамасын сыныптастары, ата-аналары мен мектеп ұстаздары қолдады. Мақсаты - баспанасыз қалған үй жануарларына көмек көрсету.

   Акция аясында 2018 жылғы 30 қазаннан 1 қарашаға дейін оқушылар топ болып мектеп мұғалімдерімен бірге қала тұрғындарын акцияны қолдауға үндеді - үндеу қағаздарын таратты. Баспанасыз қалған үй жануарларына «Сургут» дүкені, Диспетчер ауданындағы, «Fixprice», Конституция алаңыңдағы қала тұрғындары, «Артур-5» СҮ, «Манақбай», ОӘД, оқушылар және мұғалімдер қол ұшын берді. Акция барысында жем, жарма, жуу құралдары жиналды.

  Акция қорытындысы 9 қарашада 8 «а» сынып оқушыларымен мектепте жинақталды. Баспанасыз қалған жануарлардың тағдырына немқұрайлы қарайтын ата-аналар комитетінің төрайымы Ковалева Анна Михайловна, Анельдің анасы Моторина Ольга Геннадьевна, «Добряков» клубының волонтері Оспанова Меруерт қатысты. Акцияның ең белсенді қатысушылары 5, 6, 7 «а», 3 «г» сынып оқушылары. Мерекелік шара тартымды флешмобпен аяқталды.

  «Павлодар жүрегі» ҚҚ директоры Гребенкина Мария Васильевна қайырымдылық акция өткізгені үшін оқушылар мен мектеп педагогикалық ұжымына алғысын білдіріп, мектепке алғыс хат берді.